Главная

Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрының тарихы

1935 жылы халық комиссары Т.Жүргеновтің ұсынысымен Ақтөбеде алғашқы рет қазақ музыка – драмалық театр ашылды. 1936 жылдан 1941 жылға дейін театрдың бірінші режиссері Г.Омарованың жетекшілігімен  «Еңлік – Кебек», «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу», «Амангелді», «Қыз Жібек», «Исатай − Махамбет» сияқты өзге де қазақ классиктерінің шығармалары сахна төріне жол тартқан.
1941 жылы ҰОС-ның басталуына байланысты қазақ театры жабылып қалды.  
Қаладағы орыс театры 1943 ж. Ақтөбеге көшіріліп әкелінген Днепропетровск сазды драмалақ театрының қызметімен басталды. Жаңа театрға Өскеменнен режиссер Н.И. Курганский бастаған актерлік топ, П.Елагин, Н.Баева, А. Немировская, С.Римнева, Д. Репниналар соғыс жылдары А.Островский, А. Чехов, Н.В. Гоголь шығармаларын сахналады.
1948 жылы соғыстан кейінгі экономикалық қиындықтарға байланысты орыс театры өз қызметін тоқтатуға мәжбүр болды. 
Орыс театрының келесі қадамы 1965 жылы Қазақ ССР Совет Министрлігінің №707 – ші (13.10.1964 жылдан бастап) үкіміне байланысты Владимир Сергеевич Тихонов алғашқы рет директорлық еткен облыстық Мәдениет үйінде басталды.
1966 жылдың қаңтарында алғаш театрлық маусымды А.П.Штейннің «Между ливнями» пьесасы Б.В.Виноградованың режиссерлығымен қойылды.
Алғашқы театр маусымында 29 адамнан құралған труппаның 9 қойылымы жүзеге асты. Театрдың алғашқы труппасына Л.Белова, Дағыстан АКСР еңбек сіңірген әртістері К.Богачова, О,Богданова, С.Богомолова, Л.Дворчук, И.Меркулова, Р.Потапова, Л.Шенгелидзе, С.Бакин, А.Богачев, В.Воля, Г.Гришин, Н.Догадин, Е.Докукина, Л.Кадров, В.Колесник, В.Литвиненко, М.Омельницкий, В.Поснов, Г.Рычков, В.Соловьев, Л.Томингас, Г.Ярлыков, Б.Ханутин, Қазақ ССР еңбек сіңірген әртістері Э.Федорова, Л.Фоминдер кіреді.
1992 жылы Ақтөбе облыстық драма театрының негізінде қазақ труппасы жұмыс жасай бастады. Труппа 1992  жылдың 18-шілдесінде Т. Ахтановтың «Күшік күйеу» спектаклімен өз шымылдығын ашты. Қазақ театрының алғашқы директоры Қорлан Бөлеков, режиссері Дихан Жәлекенов еді. Алғашқы күннен еңбек еткен артистер С.Аманқұлов, Р.Тәукебаева, Б.Ержанов, Қ.Амантурлин, А.Махамбетова, А.Құрмантаева, Б.Нұрмағамбетовтер болды.
1997 жылы 3 қарашада театрға қазақ драматургі Т.Ахтанов есімі беріліп, 1998 жылы облыс әкімінің шешімімен екі труппа біріктіріліп, Т. Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театры аталынды.
2013 жылдың 31 наурызында Ақтөбе облысы әкімдігінің шешіміне байланысты  Ақтөбе облыстық «Екі езу» сатира театры және Ақтөбе облыстық драма театры бірікті. Осыдан кейін Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрын «Екі езу» сатира театрының негізін салушы, ҚР-ның Мәдениет қайраткері Нұрлыбек Жұбатқан басшылыққа алды.
Бүгінгі күні театрда қазақ және орыс труппалары, «Екі езу» сатира труппасы болып үш театр ұжымы жұмыс жасайды.
Театр ұжымының шығармашылық жетістіктері бірнеше жүлделермен көзге көрініп келеді. 1987 жылы Петропавлда өткен Республикалық театр фестивалінде Ақтөбе облыстық драма театры «Цар Федор Иоаннович» қойылымымен  1–орын иеленіп, өзінің актерлық шеберлігін көпшілік қауымға дәлелдеді.
Орыс труппасы  1996 жылы Павлодар қаласында өткен республикалық фестивалде Л.Герштің  «Эти свободные бабочки» спектаклімен 2-ші дәрежелі дипломмен марапатталды.
2000 жылы қазақ труппасы  «Айман-Шолпан» спектаклін көрермен назарына ұсынып, Республикалық театр фестивалінде лауреат атанды.
2004 жылы театр артисі Елтай Кемал XVII-«Шабыт» Халықаралық жастар фестивалінде М.Мақатаевтың «Арпалыс» спектаклін үздік қойғаны және басты рөлдегі бейнесі үшін лауреат атанды.
2005 жылы Қызылорда қаласында өткен фестивалде режиссер Виттих Д.Бональдің «Беспощадна как сердце» спектаклін қойғаны үшін лауреат атанды.
2007 жылы қазақ труппасы Қ.Жетпісбаевтың «Бала мерген» шығармасымен «Ең үздік балалар ертегісі» номинациясымен үздік шықты.
2012 жылы Алматы қаласында өткен Халықаралық IV- Орталық Азия театр фестивалінде Г.Лорканың «Дом Бернарды Альбы» спектакліндегі қызметкер Понсийдің рөлі үшін «Құрмет» орденінің иегері, актриса Раиса Телеуова «Ең үздік әйел рөлі» номинациясының иегері болды.
2013 жылы Ақтөбе қаласында Т.Ахтановтың 90 жылдығына байланысты  ұйымдастырылған XXI – ші Қазақстан драма театрларының Республикалық фестивалінде қазақ труппасы халық жазушысы Т.Ахтановтың «Ант» қойылымын сахналап, Ақтөбе облысы әкімінің арнайы сыйлығымен марапатталды.
2013 жылдың ақпан айында басшылық пен шығармашылық топтың қалауымен театр базасында шығармашылық зертхана жинақталып, оған театр актрисасы Ольга Павлова басшылық етті.
Кез-келген театрдың беделі, көрермендермен қарым-қатынасы ондағы қызмет жасайтын өнер адамдарына байланысты. Қаз.ССР еңбек сіңірген әртісі, сахна шебері В.Бриц, «Құрмет» орденінің иегері Ш.Бақытжанова, Мәдениет саласының үздіктері О.Павлова, П.Савицкая, А.Недюжина, Т.Доценко, М. Мұзбаева, М. Ілиясова, Д. Құсайынова, К.Кемалбаев, Қ.Балдаиров, Б.Айтова және сахна шеберлері М.Бақытжанов, Л.Шипкова, С.Аманқұлов сынды әртістер театр өнерінің жолында жастарға үлгі-өнеге көрсетуде.

ИСТОРИЯ   АКТЮБИНСКОГО ОБЛАСТНОГО   ТЕАТРА ДРАМЫ
им. Т. АХТАНОВА»

В 1935 году,  по предложению народного комиссара Т.Жургенова   в  Актюбинске впервые открылся казахский музыкально-драматический  театр. С 1936 по 1941 годы под руководством первого режиссера театра Г. Омарова  были осуществлены постановки казахских классиков, такие как «Енлик — Кебек», «Козы Корпеш — Баян сулу», «Амангелды», «Кыз Жибек», «Исатай Махамбет» и другие.
В 1941 году в связи с началом ВОВ казахский театр был закрыт.
В 1943 году была осуществлена первая попытка открыть русский театр драмы. Собрать труппу помогло руководство Днепропетровского музыкально-драматического театра,   находящееся в эвакуации в г. Актюбинске. В состав труппы влилась яркая актерская группа  из Усть-Каменогорска во главе с режиссером Н.И.Курганским.  Зрителей покоряли своим мастерством актеры П. Елагин, Н. Баева, А. Немировская, С. Римнева, Д. Репнина. Кроме обязательных советских поставок на сцене ставились  пьесы А.Островского, А.Чехова, Н.В.Гоголя.
В 1948 году русский театр прекратил свое существование, в связи с тяготами послевоенного времени. 
В 1965 году согласно Постановлению Совета Министров  Казахской ССР за №707 (от 13.10.1964г.) на базе областного Дома культуры открылся краевой русский драматический театр, первым директором которого стал Владимир Сергеевич Тихонов.
В январе 1966-го состоялось открытие  первого театрального сезона спектаклем по пьесе А. П. Штейна «Между ливнями» в постановке режиссера Б. В. Виноградова.
Всего в первый театральный сезон труппа из 29 человек осуществила 9 постановок. В  первую труппу театра вошли Л. Белова, Заслуженная артистка  Дагестанской АССР К. Богачова, О. Богданова, С. Богомолова, Л. Дворчук, И. Меркулова,  Р. Потапова,  Л. Шенгелидзе,  Э. Федорова,   С. Бакин,   А. Богачев,  В. Воля,  Г. Гришин,  Н. Догадин,  Е. Докукина,  Л. Кадров, В. Колесник,  В. Литвиненко,  М. Омельницкий,  В. Поснов,  Г. Рычков,  В. Соловьев,  Л. Томингас,  Г. Ярлыков,  Б. Ханутин,  Заслуженная артистка  Каз. ССР Э. Федорова, Л. Фомин.
В 1992 году на базе областного театра драмы вновь открывается казахский театр, первым директором стал Корлан Болеков, а режиссером — Дихан Жалекенов. Первыми актерами театра были: С.Аманкулов, Р.Таукебаева, Б.Ержанов, К.Амантурлин, А.Махамбетова, А.Курмантаева Б.Нурмагамбетов. Свой первый театральный сезон казахская труппа открыла 18 июля 1992г. спектаклем Т.Ахтанова «Күшік күйеу».
В 1997 году театру было присвоено имя казахского драматурга Тахауи Ахтанова,  а в 1998 году в соответствии с решением акима области две актерские труппы(казахская и русская) были объединены в один  Актюбинский областной театр драмы им. Т.Ахтанова.
31марта 2013года Постановлением акимата Актюбинской области реорганизован путем слияния Актюбинский областной театр эстрадных миниатюр «Еки Езу» и Актюбинский областной театра драмы им.Т.Ахтанова.  После реорганизации, Актюбинский областной театра драмы им.Т.Ахтанова  возглавил основатель  театра «Еки Езу»,  деятель культуры РК, Нурлыбек Жубаткан.   
На сегодняшний день в театре работают три театральных коллектива: казахская труппа, русская труппа и труппа сатиры  «Еки Езу».
Успехи творческого коллектива театра неоднократно отмечены  премиями и наградами. Свой профессиональный уровень актюбинские актеры подтвердили  на   Республиканском театральном фестивале в 1987 году  в Петропавловске,  спектакль «Царь Федор Иоаннович» был удостоен 1-го места.
В 1996 году на Республиканском фестивале в г.Павлодаре  русская труппа  стала лауреатом II степени, сыграв спектакль по пьесе Л. Герша «Эти свободные бабочки».
В 2000г. казахская труппа стала лауреатом Республиканского театрального фестиваля с постановкой «Айман-Шолпан».
В 2004г. артист театра Ельтай Кемал стал лауреатом XVII Международного молодежного фестиваля «Шабыт» за постановку и исполнение главной роли по произведению М.Мукатаева  «Арпалыс».
В 2005 году  на Республиканском фестивале в г.Кызыл Орда  режиссер С.Виттих стал Лауреатом и был премирован за лучший дебют в постановке пьесы Д.Баналь «Беспощадна как сердце».
В 2007 году  казахская труппа стала лауреатом Республиканского конкурса в номинации «Самая лучшая сказка» по пьесе К. Жетписбаева «Бала мерген».
В 2012 году на ІV международном театральном фестивале стран Центральной Азии, проходившем  в г.Алматы, актриса, Кавалер ордена «Курмет» Раиса Телеуова за роль служанки Понсии в спектакле Ф. Г. Лорки «Дом Бернарды Альбы» стала лауреатом номинации «Лучшая женская роль
В 2013г. на XXI Республиканском фестивале драматических театров Казахстана, посвященном 90-летию Т.Ахтанову проходившем в г.Актобе. Специальным призом акима Актюбинской области»,  награждена казахская труппа театра  за  спектакль по пьесе Тахави Ахтанова «Ант».
В феврале 2013 г. по желанию руководящего и творческого состава на базе театра была сформирована творческая лаборатория под руководством актрисы театра Ольги Павловой.
Ценность любого театра, его популярность у зрителя всегда определяется наличием в нем ярких индивидуальностей.    Молодому поколению актеров есть на кого равняться. Это  Заслуженный артист Каз.ССР, мастер сцены- Бриц Виктор Иванович, Кавалеры ордена «Курмет», актриса  Ш.Бакытжанова, Отличники сферы культуры РК –О.Павлова,  П.Савицкая, А.Недюжина, Т.Доценко, М.Музбаева, К.Кемалбаев, Д. Кусаинова, М.Ильясова, К.Балдаиров, Б.Аитова, мастера сцены С.Аманкулов, М. Бакытжанов, Л.Шипкова.