Сообщение об ошибке

Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' в функции include_once() (строка 1 в файле /var/www/vhosts/ai.kz/public_html/dpsites/teatr.ai.kz/sites/all/themes/bartik/template.php).

Махаббат жағалауы

Ақтөбе облыстық  мәдениет,мұрағаттар және құжаттама басқармасы

Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық  драма театры

Ақтөбе қаласы, Т.Ахтанов көшесі, 52. Тел. 21-03-77; 905-919;  21-51-21.

ПРЕСС−РЕЛИЗ

Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театры  БАҚ өкілдерін қырғыз драматургі МАР БАЙДЖИЕВТІҢ «Дуэль» пьесасына құрылған қазан айының 21-ші жұлдызында болатын «Махаббат жағалауы» қойылымының тапсырылуына шақырады.

Жанры: психологиялық драма

Тілі: қазақша                                                  

Қоюшы режиссер: − Алмат Шарипов 

Режиссер ассисенті: − Ринат Уалиев

Қоюшы суретші: − Мұрат Мамбетов 

Музыкалық көркемдеуі:    − М.Кулетенов                                       

Аннотация:  Қырғыз жазушысы Мар Байджиевтің бұл шығармасында адами құндылық, адалдық туралы жазылған. Адамгершілік қасиетінің қоғам мен адам өміріндегі рөлі және жеке тұлға бойында қалыптастыру мақсатында образдар арқылы шынайы бет бейнелерді көрсетеді. Жастар арасындағы махаббат, үш кейіпкердің өзіндік өмірі, олардың махаббатқа деген түсініктері.  Режиссер қоғамда ең қорқынышты нәрсе, ол адамдармен өмір сүру және өзгеге сенбек түгілі өзіңе деген сенімің күдікті екенін түсіндіре отырып,  адамгершілік пен ізгі жолды көрсететін алтын көпір салуға тырысады.

Рөлдер мен орындаушылар:

1. Азиз – Ә. Сисенов, С. Мұқашев.

2. Нази – А. Төреғалиева, А. Сералина

3. Искандер – Б.Ізтаев, М. Ерғалиев.

4. Медбике – А. Оразалина,   Ж. Өтеген.

Әдебиет бөлімінің меңгерушісі

А.Әбдіқалықова