Жанна Өтеген

Өтеген Жанна Бақытқызы 1985 жылы Алматы облысы, Шонжы ауданында дүниеге келген. Ақтөбе облыстық драма театрында 2009 жылдан бастап актриса болып еңбек етеді. Білімі жоғары. Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер акакдемиясының «Актер шеберлігі» мамандығын бітірген.

Ойнаған рольдері:

  1. С.Балғабаев «Жымбала, Мико және қасқыр» Мішім
  2. А.Островский «Прикосновение» Адалат
  3. Р.Отарбаев «Нашақор жайлы новелла» Камилла
  4. О.Сүлейменов «Қызыл жусан» Фатима
  5. Н.Коляда «Аяз хан» Настенька
  6. Ү.Байжомартов «Алтын түйменің азабы» жас қыз
  7. А.Атымтаева «Кім патша?» қоян
  8. М.Мағауин «Әйел махаббаты» комендант
  9. Қ.Жүнісов «Махаббат мелодрамасы» Ақсәуле
  10. К.Сәттібайұлы «Күнге ғашық өлкеде» Ақпарақ, Қарлығаш
  11. Э.Э.Ионеско «Сабақ» жас маман, биші
  12. «Наурыз келді, жарқырап!» қошақан
  13. А.Линдгренд «Карлсон және балақай» Астрид
  14. Б.Васильев «Таң алдындағы тыныштық» Галя Четвертак
  15. Н.В.Гоголь «Үйлену» Агафья Тихоновна