Изтаев Бексұлтан

Изтаев Бексұлтан Орысбайұлы 1994 жылы 10 сәуірде Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары. Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының «театр өнері» факультетінің «кино және драма әртісі» мамандығын алып шықты. Өнердегі ұстазы ҚР еңбек сіңірген қайраткері -Оразхан Кенебаев. жылы Б.Римова атындағы Алматы облыстық театрында жұмыс жасайды. Бексұлтан Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрында 2015 жылдың бастап жұмыс жасайды. Өз ісіне аса жауапкершілікпен қарайтын Бексұлтан ұжым арасында сыйлы. Берілген ролді зерттеп, тиянақты орындайды.Аз уақыт ішінде басты рөл сомдап көрермен ықыласына бөленуде.

 

 

Ойнаған рөлдері:

  1. М.Байджиев «Махаббат жағалауы» Искандер
  2. Р.Отарбаев «Нашақор жайлы новелла» Бозөкпе
  3. Ант қонтайшы

 Бексұлтан еңбекқор және белсенді, ұжымда беделді. Өзіне де және әріптестеріне де талап қойғыш.