Сообщение об ошибке

Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' в функции include_once() (строка 1 в файле /var/www/vhosts/ai.kz/public_html/dpsites/teatr.ai.kz/sites/all/themes/bartik/template.php).

АНТ

Т.Ахтанов

АНТ

Қоюшы режиссері: ҚР еңбек сіңірген әртісі-М.Ахманов

Режиссер ассисенті: М.Хабибуллин

Қоюшы суретші: А.Орынбасар

Музыкамен көркемдеуші: Т.Ерімбетов

Рөлдер мен орындаушылар:

Әбілқайыр хан – К.Кемалбаев

Бәтима ханым – М.Мұзбаева, Ә.Нәжмеденова

Сауран – Т.Қарасаев

Барақ сұлтан – Ә.Оразалин

Қайып – Қ.Балдаиров

Семеке – Б.Тәтебаев

Мыртық би – А.Құдайбергенов

Жанарыс – Н.Айтқалиев, М.Ерғалиев

Төле би – М.Бақытжанов

Тәуекелов – В.Кенжебаев

Қоңтәжі – Н.Өтеғұлов, Б.Изтаев

Болат хан – Е.Оразалин

1-қыз – А.Турегалиева

2-қыз – Ж.Өтеген

Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, жазушы, драматург Т.Ахтановтың есімі әдебиет, өнер сүйетін қауымға кеңінен таныс. Драмаларының басым көпшілігі республикамыздың көптеген театрларында қойылып келеді. Солардың ішіндегі ең бір шоқтығы биік туынды – «Ант» спектаклі. Республикамызға белгілі режиссер Мұрат Ахманов тамыры тереңде жатқан тарихымызды таразыға салып бірнеше уақыт ішінде бір ғана қойылыммен қазақ халқының орыстардың қол астына кіру тарихын жіті түсіндіріп берді. Хандық жолды таңдап, халқының тағдыры мен амандығын ойлап жалғыз балдызы мен қиын қыстау кезінде жанына сүйеу болған досынан айрылған Әбілқайыр ханның жан күйзелісі, Бәтима ханымның ақылдылығы мен сабырлылығы, достық пен елдің тыныштығы жолында сүйгенін құрбан еткен Сауран, Бопай қыздың мұңды жанары көрерменді тебірентпей қоймайды. Бір ананың құрсағынан жаратылған жан дегенде жалғыз бауырын жау қолына өз қолымен еңіреп тұрып шығарып салған абзал ана Бәтима ханымның жасаған ерлігі мен шын сүйген ғашығын жан досына табыстап, көз алдында ғашығының қайғыдан қан жұтып жүргенін көре тұра қара басының емес қалың елдің қамы үшін мұз басқан жүрегін ақылға салып ұлттың болашағы үшін дес бермеген Сауранның қайсарлығы әйелі үшін анасын тастап, қара бастың қамы үшін баласын қаңғытқан қазіргі қазақ қыз – жігіттерінің қолынан келер ме екен деген ойдың жетегіне еріксіз ересің. Басты рөлдерді сомдаған Майгүл Мұзбаева мен Кеңес Кемелбаевтың Әбілқайыр хан мен Бәтима ханымды сомдағандары көңіл қуантты.