Қазақстан драма театрлары ХХІV республикалық фестивалінің

БАҒДАРЛАМАСЫ

Уақыты

Іс-шара

Өткізу орны

12 қыркүйек (дүйсенбі)

18.00-18.30

Қазылар алқасы және Ұйымдастыру комитеті өкілдерінің қатысуымен баспасөз мәслихаты

18.30-19.00

Қазақстан драма театрлары ХХІV республикалық фестивалінің салтанатты ашылу рәсімі

19.00-20.10

Қ.Толыбайұлының «Дауылпаз баба – Қожаберген» спектаклінің көрсетілімі

(режиссері Баатырбек Шамбетов)

Солтүстік Қазақстан облыстық С.Мұқанов атындағы Қазақ сазды-драма театры

13 қыркүйек (сейсенбі)

11.00-12.10

Ш.Айтматовтың «Мәңгүрт» драмасы

(режиссері Гүлназ Қамысбаева)

Атырау облыстық Махамбет атындағы қазақ драма театры

19.00-20.30

Н.Гогольдің «Үйлену» комедиясы

(режиссері Дина Жұмабаева)

Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрының қазақ труппасы

14 қыркүйек (сәрсенбі)

10.30-12.40

Фестивальден тыс қойылым

Ф.Достовскийдің «Дядюшкин сон» комедиясы (режиссері Татьяна Лукомская)

Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрының орыс труппасы

19.00-20.25

Д.Исабековтің «Өкпек жолаушы» драмасы

(режиссері Дунай Еспаев)

С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театры

15 қыркүйек (бейсенбі)

11.00-13.00

А.Чеховтың «Шие» комедиясы

(режиссері Сергей Потапов)

Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры

19.00-20.30

У.Шекспирдің «Гамлет» трагедиясы

(режиссері Гүлсина Мергалиева)

Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театры

16 қыркүйек (жұма)

10.00-11.30

Жан-Пьер Пило және Оливье Шультездің «Моцарт» мюзиклі (режиссері Нұрқанат Жақыпбай)

Астана қаласының Жастар театры

12.00-13.00

А. Багдаттың «На Земле (Рух)» спектакль-лекциясы (режиссері Еслам Нұртазин)

Республикалық неміс драма театры

18.00-19.00

Қазақстан драма театрларының ХХІV республикалық фестивалінің салтанатты жабылуы (жеңімпаздарға жүлделерді табыстау рәсімі)

БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Ақтөбе облысының әкімдігімен бірлесіп 2016 жылдың 12 мен 16 қыркүйегі аралығында Ақтөбе қаласында Қазақстан драма театрларының ХХІV республикалық фестивалін өткізеді.

Іс-шараның мақсаты Қазақстанда театр өнерін насихаттау, дәстүрлі театр өнерін сақтап, оны дамыту, дарынды артистер мен режиссерлерді ынталандыру, қазіргі заманғы сахна өнеріндегі жаңа бағыттарды анықтау, өскелең ұрпақты патриотизм рухында тәрбиелеуге атсалысу болып табылады.

Биылғы өтетін фестивальдің ерекшелігі  ̶ Қазақстан халқының басты игілігі саналатын ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Бұл атаулы мереке қарсаңында Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрында Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры, Республикалық неміс драма театры, Атырау облыстық Махамбет атындағы қазақ драма театры, Солтүстік Қазақстан облыстық С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театры, Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театры және Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театры сияқты өнер ұжымдарының таңдаулы қойылымдары сахналанады.

Фестиваль аясында көрермендер тарихымыздан сыр шертетін құнды қойылымдармен қатар драматургияның классиктері У.Шекспир, А.Чехов, Н.Гоголь, Ш.Айтматов сынды авторлардың туындыларымен таныса алады.

Іс-шараның ашылу салтанаты 2016 жылдың 12 қыркүйегінде Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрының ғимаратында өтеді:

- сағат 18.00-де – қазылар алқасы және Ұйымдастыру комитеті өкілдерінің қатысуымен баспасөз мәслихаты;

- сағат 18.30-да – іс-шараның салтанатты ашылу рәсімі;

2016 жылдың 12-16 қыркүйек аралығы сағат 11.00 және 19.00-де – фестиваль спектакльдерінің көрсетілімі;

2016 жылдың 16 қыркүйегі сағат 18.00-де – лауреаттарды марапаттау және Фестивальдің жабылу салтанаты болады.

Спектакль көрсетілімдеріне кіру – тегін.

Қосымша ақпарат алу үшін мына телефондарға байланысуға болады:

«Қазақстан халқының рухани даму қоры» АҚ 8(7172) 44-93-65;

Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театры 8 (7132) 211-003.