Сообщение об ошибке

Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' в функции include_once() (строка 1 в файле /var/www/vhosts/ai.kz/public_html/dpsites/teatr.ai.kz/sites/all/themes/bartik/template.php).

Театр күні 2017

Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрының Халықаралық театр күніне арналған мерекелік кеші туралы ақпарат

2017 жылдың 27 наурыз күні Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық  драма театрында Халықаралық театр күніне арналған «Ақтөбе Еңлікгүлі – 2017» атты театр капустнигі болып өтті. Мерекелік кеште қаламыздағы 5 театр ұжымы, атап айтқанда,  театрдың орыс, қазақ, «Екі езу» сатира труппалары, облыстық «Алақай» қуыршақ театры мен «Мы вас любим» халық театры өнер көрсетті. Бір жарым сағатқа созылған әзілі мен шындығы араласқан мерекелік көңіл күймен театр ұжымдары көрермендерді қуантты.    Бұл кеште театр және мәдениет ардагерлері сыйлы қонақтар қатарында болып, оларға мерекелік гүлдер тапсырылды.                                                      

Театр капустнигін қорытындылау үшін театр қызметкерлерін мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Қорғанбаева М.Н., Ақтөбе облыстық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлері кәсіподағы комитетінің төрайымы Назира Табылдинова, сонымен қатар, мерекелік кешке қатысқан барлық театр ұжымдарының басшылары құттықтады                         

Облыстық мәдениет басқармасы атынан құрмет грамоталары және ақшалай сыйлықтармен Т.Ахтанов театрының 9 әртісі: «Құрмет» орденінің иегері - Шалқия Бақытжанова, ҚР мәдениет саласының үздігі - Ольга Павлова,  Виктория Пятова,  Валентина Софина, Валихан Кинжибаев, Даурен Нарман, Есет Оразалин, Толқын Жандыбаева, Құралбек Құрманғалиевтер марапатталды.                                                                                                  

Театр басшылары өз араларындағы үздік қызметкерлерге алғыс хаттар мен ақшалай сыйлықтар тапсырды.                                                            

Кеш соңында «Примадонны» (авторы: Кен Людвиг, қоюшы режиссері: ресейлік Алексей Орлов) спектакльінің тапсырылуы болды.