Баспасөз парағы «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Қазақстан драма театрлары арасындағы II Республикалық «Балауса» экспериментальды қойылымдар фестивалі

2017 жылдың 20-21 сәуір күндері Ақтөбе қаласында «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Қазақстан драма театрлары арасындағы II Республикалық «Балауса» экспериментальды қойылымдар фестивалі өткізілмек.

Ұйымдастырушысы: Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театры.

Фестиваль құрылтайшысы: облыс әкімдігі және облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы.

Фестивальдің мақсаты: қоғамдағы бүгінгі күннің өзекті мәселелеріне көңіл аудару, қазіргі заманның эстетикалық талабына сай шығармалардың жаңа формаларын таба білу. Театр өнері мен еліміздің ұлттық мәдениетін өркендету.

2016 жылы Республикалық жастар және студенттік театрлар арасында «Балауса» фестивалі алғаш рет өткізілсе, ағымдағы 2017 жылы екінші рет Қазақстан драма театрлары арасында өтетін экспериментальды қойылымдар фестиваліне айналып отыр.

Қазылар алқасының төрағалығына Ақтаудан ҚР еңбек сіңірген қайраткері, режиссер, Мерғалиева Гүлсина,  қазылар алқасының мүшелігіне Алматыдан театр сыншысы Анар Еркебай арнайы шақырылып отыр.                                            

Фестиваль жеңімпаздары «Ең үздік эпизодтық ролі», «Ең үздік ер адам ролі», «Ең үздік әйел адам ролі», «Ең үздік қойылым», «Ең үздік режиссер» номинацияларымен марапатталады.                                                                 

Фестивальдің ашылу салтанаты 20 сәуір күні, сағ. 09.00-де театр ғимараты алаңында өтеді. Салтанатты жабылуы  драма театр залында 21 сәуір күні сағ. 19.30-де өтеді. Қойылымдар Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрының үлкен және кіші залддарында өтеді.

Фестивальге қатысушы театрлар мен қойылымдар тізімі:

  1. Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры, Е.Аманшаев «Ол» (Алматы қаласы);
  2. Ш.Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық драма театры, В.Коняев «Тор» (Көкшетау қаласы);
  3. Шығыс Қазақстан облыстық Жастар театры, Л.Разумовская «Қымбатты Елена Сеергеевна» (Өскемен);
  4. Қарағанды академиялық музыкалық комедия театры, С.Беккет «Play» (Қарағанды);
  5. Жамбыл облыстық қазақ драма театры, Ғ.Мүсірепов «Қыз Жібек» (Тараз);
  6. Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театры, Р.Отарбаев «Қасірет» (Петропавл);
  7. «Алақай» қуыршақ театры, Н.В.Гоголь «Шинель» (Ақтөбе);
  8. Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрының қазақ труппасы Б.Абдуразак «Әйел сыры» (Ақтөбе);
  9. Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театры жанынан құрылған «Лестница» шығармашылық лабораториясы, «Вредные советы для Взрослых» спектаклі (Ақтөбе). 

       

Өтетін жері: Т.Ахтанов атындағы драма театры                       Уақыты: 20 -21 сәуір, 2017ж

 

20 сәуір

9.00  - 9.30                - Фестивальге қатысушыларды тіркеу. (Театр ғимараты. Т.Ахтанов көшесі 52)

9.30 - 10.00               -  Баспасөз мәслихаты (Театрдың фойесі)

10.00 – 10.30             -  Фестивальдің салтанатты ашылуы. Облыс әкімінің құттықтауы.  Таныстырулар. Қызыл кілемнен жүріп өту. (Театрдың көше бет алаңы)

10.30 – 11.00             - Фестивальдің ашылу салтанатының жалғасы. Қазылар  алқасын таныстыру. Төрағаның сөз сөйлеуі. (Театрдың үлкен залы)

11.00 – 12.30             -  «Жамбыл облыстық қазақ драма театры»  (Тараз)  Ғ.Мүсіреповтің «Қыз Жібек» қойылымы.Реж:Қ.Қасымов  (Театрдың үлкен залы)

12.30 – 13.30             - Түскі ас.

                                 - Келесі қойылымға техникалық дайындық

14.00 – 15.00             - «Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театры» (Ақтөбе)  Б.Абдурузаков «Әйел сыры» қойылымы. Реж: М.Хабибуллин (Театрдың үлкен залы)

15.30 – 16.30             - «Облыстық «Алақай» қуыршақ театры» (Ақтөбе)  Н.В.Гоголь «Шинель» қойылымы. Реж:М.Хабибуллин  («Алақай» театры Бейбітшілік даңғылы 17)

17.30 – 18.30             - «С.Мұқанов атындағы қазақ сазды – драма театры» (Петропавл) Р.Отарбаев «Қасірет»қойылымы. Реж:Ф.Молдағали (Театрдың үлкен залы)

18. 30- 19.30              Қойылымдарды талқылау

19.30                          -  Кешкі ас.

                                  - Келесі қойылымға техникалық дайындық.

21 сәуір

10.00 – 11.00             - «Шығыс Қазақстан облыстық Жастар театры» (Өскемен )  Л.Разумовская «Қымбатты Елена Сергеевна» қойылымы  Реж.А.Салбанов  (Театрдың үлкен залы)

11.30 – 12.30             - «Лестница» шығармашылық лабороториясы (Ақтөбе) Г.Остер «Вредные советы для взрослых» қойылымы. Реж:О.Павлова (Театрдың кіші залы)

12.30 - 13.30              -  Түскі ас

                                  - Келесі қойылымға техникалық дайындық

14.00 – 15.00             - «Қарағанды академиялық музыкалық комедия театры» (Қарағанды) С.Беккет «Play» қойылымы. Реж:Е.Пермякова  (Театрдың үлкен залы)

15.30 – 16.30             - «Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен  жасөспірімдер театры» (Алматы) Е.Аманшаев «Ол»қойылымы Реж:Е. Кәрібаев (Театрдың кіші залы)

17.30 – 18.30             - «Ш.Құсайынов атындағы қазақ музыкалық драма театры» (Көкшетау) В.Коняев «Тор» қойылымы. Реж.М.Оспанов (Театрдың үлкен залы)

18.30 - 19.30                Қойылымдарды талқылау

19.30 – 21.00             - Фестивалдің салтанатты жабылуы, марапаттау

21.30                          - Кешкі ас