Сообщение об ошибке

Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' в функции include_once() (строка 1 в файле /var/www/vhosts/ai.kz/public_html/dpsites/teatr.ai.kz/sites/all/themes/bartik/template.php).

21-мамыр Тұңғыш Президент паркінде Мәдениет қызметкерлері күні аталып өтті

Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылған мерекелік кеште Т.Аxтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театры ұжымынан алты бірдей қызметкер арнайы алғыс xаттар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды. Атап айтсақ, қазақ труппасынан актриса Өлмесекова Айнагүл ҚР мәденит министрлігінің арнайы алғыс xатына, орыс труппасынан актер Москаленко Артем облыс әкімінің сыйлығы "Ең үздік актер" атанып, облыс әкімінің сыйлығына, "Екі езу" сатира труппасынан актриса Қаратаева Гүлсім ҚР мәдениет министрлігінің және облыстық мәдениет басқармасының алғыс xаттарына және актер Нұрмағамбетов Берік ҚР Мәдениет министрлігінің "Мәдениет саласының үздігі" төсбелгісіне лайық деп танылды. Ал, Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының алғыс xатымен режиссер Хабибуллин Мейрам мадақталса, директордың орынбасары Еспанбетов Жандосқа Астанадағы Республикалық салалық мəдениет қызметкерлері кəсіподағының Құрмет грамотасы және облыстық мәдениет басқармасының алғыс xаты берілді. Т.Аxтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрының ұжымы атынан үздік қызметкерлерімізді ақ адал көңіліміз бен шын ниетімізбен құттықтаймыз! Шығармашылық шабыттарыңыз шарықтап, халқымыздың жоғары руханияты мен мәдениетін дамытуда болашақ ұрпаққа үлгі боларлықтай нәтижелі еңбектеріңіз елене берсін! Отбасыларыңызға амандық пен береке, зор денсаулық, шалқар шабыт, игі табыстар тілейміз!