Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрының «Екі езу» сатира труппасы 19-шы театр маусымын аяқтады.

13 маусым күні 19:00-де Т.Аxтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрының "Екі езу" сатира труппасы 19-шы  театр маусымын сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған "Командос" комедиясымен аяқтады.

Спектакльден соң, «Командос» комедиясының авторы әрі режиссері, театр директоры Нұрлыбек Жұбатқан жыл қорытындысы бойынша, актриса Гүлзат Ермағанбетоваға  "Темір қатын" (авт: Ш.Бошбеков) спектакліндегі Шарафат рөлі үшін және "Құрдастар" (авт:Т.Мәндібай) спектакліндегі Бағила рөлі үшін "Үздік актриса", актер Құралбек Құрманғалиевке "Ұр, тоқпағым, ұр" ертегісіндегі Сарт рөлі үшін "Ертегі әлемінің үздігі" номинацияларымен марапаттап, ақшалай сыйақы табыстады.

Спектакльді Ақтөбе қаласының тұрғындарымен қатар, Астанадан келген ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Мемлекеттік қызметтер департаментінің директоры Мұқашев Әділбек Қайырбекұлы мен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы Токушев Қайыржан Ахметбекұлы тамашалап, театр директоры Нұрлыбек Жұбатқанға зор алғыс білдірді.