Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрының қазақ труппасы 25-ші театр маусымын аяқтады

2017 жылдың  15 маусымы күні сағат 19:00-де Т.Аxтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрының қазақ труппасы өзінің 25-ші театр маусымын Т.Ахтановтың «Махаббат мұңы» драмасымен аяқтады.        

Спектакльден соң, театр директоры Нұрлыбек Жұбатқан жыл қорытындысы бойынша, актриса Турегалиева Асиланы «Құрдастар» (авт:Т.Мәндібай) спектакліндегі Қамажай рөлі үшін "Үздік актриса", актер Изтаев Бексұлтанды «Құрдастар» (авт:Т.Мәндібай) спектакліндегі Бекен және «Тілеу батыр» (авт: М.Кенжебай) спектакліндегі Жолдыаяқ рөлі үшін "Үздік актер" номинацияларымен марапаттап, ақшалай сыйақы табыстаса, мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлері салалық кәсіподағының Ақтөбе облыстық филиалының төрайымы Нәзира Табылдинованың атынан театрдың бас әкімшісі Шалмуханова Гүлжанатқа бағалы сыйлық ұсынып, алғыс хатпен марапаттады.  

Сонымен қатар, театрдың кәсіподақ ұйымының төрайымы атынан Савицкая Полина жарық беруші Қызтуғанова Ғанижамал, костюм цехының меңгерушісі Андағұлова Ақиыс, тігін цехының меңгерушісі Сарвас Кашевалға ақшалай сыйлық пен алғыс хаттарын табыс етті.