Сообщение об ошибке

Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' в функции include_once() (строка 1 в файле /var/www/vhosts/ai.kz/public_html/dpsites/teatr.ai.kz/sites/all/themes/bartik/template.php).

Көкжар жәрменкесіне 150 жыл

Ағымдағы 2017 жылдың 8-9 қыркүйегінде Ойыл аудында аталып өткен Ұлы Жібек жолындағы жаңғырған әйгілі Көкжар жәрмеңкесінің 150 жылдығына арналған мерекелік шарада Т.Ахтанов атындағы драма театрының шығармашылық ұжымы да ат салысты. Облыстық драма театры әртістерінің қоюымен қыркүйек айының 8-ші жұлдызында Ойыл аудындық мәдениет үйінде ғылыми конференциядан соң Т.Құлиястың «Мұхит» драмасы сахналады. Ал, кешке этноауылда өткізілген «Алтыбақан», «Ақсүйек» және т.б. өзге де ойын-сауық театрландырылған қойылымында дәстүрлі ұлттық ойындар ойнатылып, әндер айтылып сол жерде қазақтық салт-дәстүрлеріндегі жастардың ойын-сауық кешін көз алдымызға елестеткендей болды. Сонымен бірге 9 қыркүйекте жәрмеңке алаңында «Көкжардың жәрмеңкесі жаздай сайран» атты театрландырылған көрініс болды. Театрландырылған көріністе Есет батыр Көкіұлының қызы Ботакөздің жоңғар шапқыншылығы кезіндегі елін жаугершіліктен қорғаған батырлығы мен елдің көшін бастаған қайсарлығы көрсетіліп, көрініс соңы  театрландырылған керуен шеруімен жалғасты. Бұл мереке - кезіндегі Көкжар жәрмеңкесінің тыныс-тіршілігін, өңірдің өзіндік тарихын жас ұрпақ жадында жаңғырту болып табылады.