Сообщение об ошибке

Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' в функции include_once() (строка 1 в файле /var/www/vhosts/ai.kz/public_html/dpsites/teatr.ai.kz/sites/all/themes/bartik/template.php).

«Ескерткіш операциясы»

Ақтөбе облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы

Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театры

Ақтөбе қаласы, Т.Ахтанов көшесі 52. Тел: 21-10-03, 21-03-77

БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ

Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театры 5 қазан күні сағат 19:00-де қазақ труппасының  26-шы театр маусымының ашылуына орай Дулат Исабековтің «Ескерткіш операциясы» комедиясына шақырады.       

Авторы: ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Дулат Исабеков

Қоюшы режиссері: ҚР еңбек сіңірген қайраткері Оразәлі Ақжарқын-Сәрсенбек

Режиссер ассистенті: ҚР Мәдениет саласының үздігі, «Шапағат» медалінің иегері Дәметкен Құсайынова

Қоюшы суретшісі: Қырғызстан Республикасының мәдениет қайраткері Айбек Орынбасар

Балетмейстері: Ләззат Мұхамедалина

Композиторы: ҚР Мәдениет қайраткері Бақыт Жұмалин

Киім үлгісінің суретшісі: Зәмзәгүл Құлмұханова Халқымыздың өткені мен бүгінін тегіс қамтып жүрген жазушы-драматург Дулат Исабеков  бұл шығармасына бүгінгі тіршіліктің кейбір көріністерін арқау еткен. Той құмарлық, даңғазалық, дарақылық, жағымпаздық сынды бойымызда бар кемшілікті орынды сынаған. Сонымен бірге   халқымыздың қонақжай, дарқандық сияқты сан қырлы мінез-құлқымыз бар болмысымен ашыла түседі.

Тері зауытының қарапайым еңбек адамынан бастап, аудан, облыс басшылары,олардың көмекшілері, шет елдік делегацияның өзіндік бітім-бейнесінен жақсылы-жаманды қасиеттерді көрсете отырып, көрерменді езу жимас күлкіге бөлейді. Қойылым кезіндегі жастар биі де көрермен көңілінен шығып, шығарма мақсатын аша түседі.