Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театры қазақ труппасының 26 маусымының ашылуы

Ағымдағы 2017 жылдың 12 қазан күні облыстық драма театрдың қазақ труппасы өзінің 26 маусымын Дулат Исабековтың «Ескерткіш операциясы» комедиясымен ашты. Спектакльдің режиссері Астаналық ҚР еңбек сіңірген қайраткері Оразәлі Ақжарқын-Сәрсенбектің қоюымен бірнеше жыл бұрын шығарылған болатын. Бұл спектакль театрдың актриса-режиссері Д.Құсайынованың қайтадын қалпына келтіруімен шығарылып отыр.

Халқымыздың өткені мен бүгінін тегіс қамтып жүрген жазушы-драматург Д.Исабековтің бұл шығармасы 80 жылдың соңында жазылғанмен, шығармада көтерілген мәселе той құмарлық, жағымпаздық, көзалдаушылық бүгінгі күнге дейін өз өзектілігін жойған жоқ.     

Бұл спектакльде алыстағы аудан орталығында кіші тері зауытының 100 жылдық мерейтойын тойлауға дайындық барысында аудан басшылары зауыттың ең бірінші тері өңдеуші шебердің ескерткішін қою туралы шешім қабылдайды. Уақиға осыдан өрби келе, ашылатын ескерткішке шет елдің делегациялары келетіні туралы аяқ астынан жоғарыдан соғылған қоңырау, басшыларды әбігерге түсіреді. Уақыттың тығыздығы және ескерткіштің дайын болмауына байланысты аудан басшылары шебердің немересі сантехник Әштенге арақ ішкізіп, барлық жағдайын жасауға уәде беріп, ескерткіштің орнына уақытша тұруға жалынып-жалпайып көндіреді.  

Қойылымнан соң театр режиссері әрі ардагері М.С.Бақытжанов театр маусымының ашылуымен құттықтады. Сонымен қатар, спектакльге қатысқан әртістерге   облыс әкімі атынан гүл себеті қойылды.

Рөлдерді сомдағын: Т.Қарасаев, Ә.Оразалин, А.Құдайбергенов, Д.Нарман,   М.Мұзбаева, Н.Айтқалиев, Б.Ізтаев, А.Өлмесекова, Ә.Сисенов, М.Ерғалиев, М.Ільясова, Ж.Өтеген, К.Кемалбаев, Қ.Балдаиров, Е.Оразалин, М.Хабибуллин және т.б..