Сообщение об ошибке

Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' в функции include_once() (строка 1 в файле /var/www/vhosts/ai.kz/public_html/dpsites/teatr.ai.kz/sites/all/themes/bartik/template.php).

«НАРҚЫЗ»

Ақтөбе облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы Т. Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театры

Ақтөбе қаласы Т.Ахтанов көшесі 52 тел: 21-10-03, 21-03-77

ПРЕСС-РЕЛИЗ

Т. Ахтанов атындағы облыстық драма театры 23 қараша күні, сағат 19:00-де  Халық ақыны Нұрпейіс Байғаниннің «Нарқыз» дастанының желісі бойынша жазылған Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жолтай Жұмат-Әлмашұлының «НАРҚЫЗ» тарихи драмасының премьерасына шақырады.

ҚОЮШЫ РЕЖИССЕРІ – ЕЛТАЙ КЕМАЛ

РЕЖИССЕР АССИСТЕНТІ – ТОЛҚЫН ЖАНДЫБАЕВА

ҚОЮШЫ СУРЕТШІ – МҰРАТ МӘМБЕТОВ

МУЗЫКАМЕН КӨРКЕМДЕУШІ – ТОЛАҒАЙ ҚАРАСАЕВ

ДЫБЫС ОПЕРАТОРЫ – ЖЕҢІС НОҒАЙБАЕВ

ХОРЕОГРАФ – ҚАРШЫҒА ДАНДЫҒАРИЕВ

Пьеса халық ақыны Нұрпейіс Байғаниннің «Нарқыз» дастаны желісі бойынша жазылған. Сахнаға көркемделген бұл тарихи драмада Кіші жүзден шыққан өнерлі  әрі ақылды, өр мінезді Нарқыз есімді батыр қыздың ерлігі мен Орта жүздің қол бастаған жас нояны Нияздың тапқырлығы ұтымды көрсетіліп, екі ғашық арасындағы баянды махаббаттан сыр шертеді.    Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында сахналанған спектакль жастарды патриоттыққа, ынтымақ  пен бірлікке шақырып, көрерменнің жан-дүниесіне рухани байлық сыйлайды.

Рөлдер мен орындаушылар:

Нарқыз – Әсем Құсайынова, Жанар Кемалбаева

Нияз – Жасұлан Симонов, Бағдат Телеуғалиев

Мәмбет – Кеңес Кемалбаев

Сейіт – Әсет Оразалин

Бөктергі – Нұрболат Утегулов

Бала би – Толағай Карасаев

Шонай би – Есет Оразалин

Көпшілік сахнада: Нұрсұлтан Айтқалиев, Қадір Құттыбаев, Есет Оразалин, Әсет Сисенов, Бекжан Қайроллин, Жасұлан Симонов, Бағдат Телеуғалиев, Роза Ерболатова, Айгүл Оразалина, Гүлшат Мәмбетова, Гүлзат Оразалина, Әсем Құсайынова, Жанар Кемалбаева