Сообщение об ошибке

Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' в функции include_once() (строка 1 в файле /var/www/vhosts/ai.kz/public_html/dpsites/teatr.ai.kz/sites/all/themes/bartik/template.php).

«НАРҚЫЗ» спектаклінің премьерасы

Т. Ахтанов атындағы облыстық драма театры 2017 жылдың 23 қарашасы күні сағ 19.00-де Халық ақыны Нұрпейіс Байғаниннің «Нарқыз» дастанының желісі бойынша жазылған Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жолтай Жұмат-Әлмашұлының «НАРҚЫЗ» тарихи драмасының премьерасына шақырады.

Пьеса халық ақыны Нұрпейіс Байғаниннің «Нарқыз» дастаны желісі бойынша жазылған. Сахнаға көркемделген бұл тарихи драмада Кіші жүзден шыққан өнерлі әрі ақылды, өр мінезді Нарқыз есімді батыр қыздың ерлігі мен Орта жүздің қол бастаған жас нояны Нияздың тапқырлығы ұтымды көрсетіліп, екі ғашық арасындағы баянды махаббаттан сыр шертеді. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында сахналанған спектакль жастарды патриоттыққа, ынтымақ пен бірлікке шақырып, көрерменнің жан-дүниесіне рухани байлық сыйлайды.

Билет құны 1000 тг.
Театр кассасы: 21-51-21