Сообщение об ошибке

Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' в функции include_once() (строка 1 в файле /var/www/vhosts/ai.kz/public_html/dpsites/teatr.ai.kz/sites/all/themes/bartik/template.php).

Р.Отарбаевтың «Темір Жүргенов» қойылымы

Ағымдағы 201 жылдың желтоқсан айының 8 жұлдызында сағ 19.00-де Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрында белгілі драматург-жазушысы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық Шыңғыс Айтматов атындағы сыйлықтың иегері Рахымжан Отарбаевтың  «Темір Жүргенов»   тарихи драмасы сахналанады. Қойылымның режиссері  Мейрам Хабибуллин, қоюшы суретшісі, ҚР мәдениет қайраткері ҚР  Әсия Құрманалина.

Қазақ халқының өшпес шырағына айналған Темірбек Қараұлы Жүргенов туралы тағылымы мол тарихи драма көрермендерге Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында ұсынылмақ.

Қойылымға Алматы, Қызылорда және Шымкент қаласынан құрметті қонақтардың келуі күтілуде. Оның ішінде Т.Жүргеновтің туысқандары мен Т.Жүргенов қоғамдық қорының төрағасы және де зиялы қауым өкілдері бар.