Р.Отарбаевтың «Темір Жүргенов» жаңа қойылымының премьерасы

Ағымдағы 2017 жылдың желтоқсан айының 8 жұлдызында сағ 19.00-де Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрында белгілі драматург-жазушысы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық Шыңғыс Айтматов атындағы сыйлықтың иегері Рахымжан Отарбаевтың «Темір Жүргенов»   тарихи драмасы сахналанды. Қойылымның режиссері  Мейрам Хабибуллин, қоюшы суретшісі, ҚР мәдениет қайраткері ҚР  Әсия Құрманалина.

Қойылымға театр әкімшілігінің шақыруымен Атырау қаласынан пьесаның авторы Р.Отарбаев, Қызылорда қаласынан– Т.Жүргенов атындағы қоғамдық қорының төрағасы, «Құрмет» орденінің иегері С.Аңсат, Қорқыт-Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің өкілі Ғ.Тұяқбаев және Қызылорда, Шымкент, Алматы қаласынан  Жүргеновтың туысқандары келді. Сонымен қатар құрметті қонақтардың қатарында Алматы қаласынан келген Ұзақбай Құлымбетовтың қызы Орынша Қарабалина-Қазыбаева мен жергілікті зиялы қауым өкілдері қатысты. Қойылым соңында Р.Отарбаев пен С.Аңсат сахнада сөз сөйлеп қойылымның сәтті шыққандығын айта келе актерлар мен режиссерғе алғысын айтты. Сонымен қатар, спектакльдің жүзеге асырылуна қолдау көрсеткені үшін облыс әкіміне, мәдениет басқармасына, театр басшысына ерекше алғыс айтып, ризашылығын білдірді.  

Бұл қойылым қазақ халқының өшпес шырағына айналған Темірбек Қараұлы Жүргенов туралы тағылымы мол тарихи драма көрермендерге Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында ұсынылды.

Рөлдерді сомдағандар: Т.Жүргенов – Н.Өтеғұлов, әйелі Дәмеш – А.Оразалина, әкесі Қара Жүргенұлы – Ә.Оразалин және де Ж.Симонов, Н.Айтқалиев, Ж.Кемалбаева, Ә.Нәжмеденова, Б.Телеуғалиев, Т.Қарасаев, А.Құдайбергенов, Е.Оразалин, Д.Нарман, Б.Қайроллин, Қ.Құттыбаев, Б.Ахетов, К.Кемалбаев, Ә.Құсайынова.

Қойылым сол күнігі театр фойесінде Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театры тарихынан сыр шертетін көрме-музейдің жасақталды.