Ақтөбенің актерлары фестивальден жүлдемен оралды

Ағымдағы 2017 жылдың  желтоқсан айының 6-9 аралығында Шымкент қаласында өткен «Ашық алаң» Республикалық Тәуелсіз театрлар фестиваліне Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театры жанындағы «Лесница» шығармашылық зертханасы қатысып, И.Вырыпаевтың «Это есть весь я» (қойылымның инсценировкасын жасап, музыкамен көркемдеген  О.Павлова) спектаклін қойды. Фестивальде өнер көрсеткен 14 театр ұжымдарының ішінде Қазақстаннан басқа Қырғызыстаннан, Өзбекстаннан және т.б. елдерден келген театрлар бар. 

Фестивальде төрелік жасаған Қазақстан Республикасының халық әртісі Т.Жаманқұлов және қазылар алқасының мүшелері көрсетілген «Это есть весь я» спектаклін жаңа да қызықты формада және көрерменмен өзара әрекеттесуімен өткенін атап өтті. Ақтөбеліктер «Жаңа үлгідегі жаңа қойылым» номинациясы бойынша дипломымен марапатталып, ақшалай сыйлыққа ие болды.