"Ревизор"

ЖАҚЫНДА!

Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театры кезекті жаңа қойылымға дайындық үстінде.

Театрдық қазақ труппасы Н.В.Гогольдің «Ревизор» комедиясын (аударған М.Әуезов) Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының режиссері Жұлдызбек Жұманбайдың қоюымен сахналайды. Қойылымның премьерасы а.ж. ақпан айының 10-11-12-13-14 күндері қойылады деп жоспарлануда.

Осы аталған күндері сахналанатын қойылымға бас рөлдерді сомдауға арнайы шақырылып отырған М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері ҚР еңбек сіңірген қайраткері Б.Әбділманов пен Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актрисасы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері А.Иманбаеваны  ақтөбелік көрермендер театр сахнасынан көре алады.