Сообщение об ошибке

Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' в функции include_once() (строка 1 в файле /var/www/vhosts/ai.kz/public_html/dpsites/teatr.ai.kz/sites/all/themes/bartik/template.php).

Айгуль Оразалина

Оразалина Айгүл Сақтапбергенқызы 1984 жылы Ақтөбе облысы, Байғанин ауданында дүниеге келген. Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрында 2005 жылдың қыркүйек айынан бастап жұмыс жасайды. Айгүл өз қызметіне үлкен талапкерлікпен қарайды, режиссер тапсырмасын мұқият орындауға тырысады. Ол орындаған бірнеше рольдерді атап айтуға болады.

  1. Ш.Перро «Күлбикеш» Анна
  2. А.Толстой «Буратино»     Мальвина
  3. Ә.Файзуллаұлы «Үй таңдаған лақ» лақ
  4. С.Балғабаев «Жымбала, Мико және қасқыр» Ботакөз
  5. Халық ертегісі «Маша мен аю» Маша
  6. Н.Коляда «Қар ханым» қарақшы қыз
  7. А.Линдгренд «Карлсон және балақайында» балақай
  8. Т.Теменов «Ырылдақ күшік» күшік
  9. С.Мақұлбеков «Қаңбақ шал» күшік
  10.  Е.Төлейбай «Жыл он екі ай» қоян
  11.  Р.Ибраева «Сиқырлы кітап» ақ мысық
  12.  Р.Отарбаев «Нашақор туралы новелла» Тоғжан
  13.  М.Әуезов «Қарақыпшақ Қобыланды» Қарлығаш
  14.  М.Мағауин «Әйел махаббаты» Шайза
  15.  Ә.Оразбеков «Бір түп алма ағашы» Ләйлә
  16.  В.Ежов «Бұлбұлдар түні» Инга
  17.  С.Лабазеров «Жындыханадан келген мейманында» Айгүл
  18.  Қ.Жетпісбаев «Бала мерген» Аққанат
  19.  С.Асылбеков «Желтоқсан түні ызғарлы» Ақмарал
  20.  С.Раев «О, қыздар!» Пері
  21.  Т.Ахтанов «Махаббат мұңы» Бағила
  22.  А.Атымтаева «Кім патша?» Жапалақ
  23.  Б.Васильев «Таң алдындағы тыныштық» София Гувич
  24.  Н.Коляда «Аязхан» Дуняша

2007 жылы өткен «Өнердің құдіретті күші» театрлардың III облыстық фестивалінде «Тұсау кесер» номинациясы бойынша көзге түсіп, бағалы және ақшалай сыйлықпен, 2009 жылы Ақтөбе облысы әкімінің Алғыс хаты және бағалы сыйлықпен марапатталды.
Айгүл Оразалина Ақтөбе мемлекеттік педагогика институтын бітіріп, Б.Бишеналиева атындағы Қырғызстан мемлекеттік өнер және мәдениет университетінің театр және кино факультетінде сырттай білімін жалғастыруда. Ұжымда беделді, жолдастары арасында жағымды мінезімен үлкен құрметке ие.