Сообщение об ошибке

Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' в функции include_once() (строка 1 в файле /var/www/vhosts/ai.kz/public_html/dpsites/teatr.ai.kz/sites/all/themes/bartik/template.php).

Айнагүл Өлмесекова

Өлмесекова Айнагүл Өзбекқызы 1974 жылы Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары, Батыс Қазақстан облыстық М.Өтемісов атындағы мемлекеттік университеттің «Режиссура» факультетін бітірген. Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрында 1994 жылдан бастап әртіс болып, істеген мерзім ішінде өзін ұқыпты қызметкер ретінде көрсете білді. Пластикаға бай әртіс тұлғасы, әншілік дауысы Айнагүлді өз қатарластарынан ерекшелендіріп тұрады. Ақтөбе қаласында өткен көптеген мерекелік шараларына қатысады. Айнагүл Өлмесекова аталған мерзім ішінде көптеген қойылымдарда ойнады. Басты рольдерді сомдап,оны көрермендер жылы қабылдады.

 

 

Ойнаған рольдері:

  1. Т.Ахтанов «Ант»  Бәтима (Бопай)
  2. М.Әуезов «Қарақыпшақ Қобыланды» Құртқа
  3. Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» Баян
  4. М.Мағауин «Әйел махаббаты» Зия
  5. М.Әуезов «Айман-Шолпан» Теңге
  6. О.Бодықов «Ит өлім» Рокшана
  7. К.Жетпісбаев «Бала мерген» Аққанат
  8. Т.Ахтанов «Күшік күйеу» Ботакөз
  9. Т.Минуллин «Аналар мен сәбилер» Әйел
  10. Д.Исабеков «Әпке» Камила
  11. С.Жүнісов «Үйшік» Тышқан
  12. М.Хасанов «Пай, пай, жас жұбайлар-ай!» Зауреш
  13. С.Ахмад «Келіндер көтерілісі» Нигора
  14. Қ.Шаңғытбаев, Қ.Байсейітов «Беу, қыздар-ай!» Нұрсұлу
  15. М.Задорнов «Күйеуіңізді сатыңызшы»  Оксана
  16. Ж.Б.Мольер «Скапеннің айласы» Гиацинта
  17. С.Асылбеков «Желтоқсан түні ызғарлы» Айгүл
  18. Б.Тәжібаев «Ана жүрегі» Алма
  19. И.Сапарбай «Ауылдан келген ару» Гүлдана
  20. С.Лобазеров «Жындыханадан келген мейман» Айгұл      
  21. У.Шекспир «Король Лир» сайқымазақ
  22. В.Орлов «Алтын шөжек» Түлкі
  23. Д..Исабеков «Ескерткіш операциясы» Миссис Чарльтон
  24. Қ.Жүнісов «Махаббат мелодрамасы» ана
  25. А.Вампилов «Метранпаж» Марина
  26. С.Балғабаев «Махаббат соты» Гаухар                                  

Сонымен қатар, балаларға арналған барлық қойылымдарда ойнайды. Облыс деңгейінде өткізілген мәдени шаралардың жүргізуші және әнші ретінде қатысады.