Сообщение об ошибке

Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' в функции include_once() (строка 1 в файле /var/www/vhosts/ai.kz/public_html/dpsites/teatr.ai.kz/sites/all/themes/bartik/template.php).

Дәметкен Құсаинова

Құсаинова Дәметкен Орынбасарқызы 1963 жылы Атырау облысында дүниеге келген. Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрында 1993 жылдың қараша айының 2-ші жұлдызынан бері артист болып істеген мерзім ішінде қабілетті, білімді, ұқыпты қызметкер ретінде өзін жағымды жағынан көрсете білді. Білімі жоғары, Батыс Қазақстан облыстық М.Өтемісов атындағы мемлекеттік өнер университетінің «Режиссура» факультетін бітірген.

 

 

 

Ойнаған рольдері:

  1. Л.Шәріпова «Шығыс ертегі» Нарқыз
  2. Т.Минуллин «Аналар мен сәбилер» Айзара Ахатовна
  3. С.Раев «О,қыздар!» Қарлығаш
  4. И.Саввин, Ж.Тәшенов «Көшедегі пақырды, әкім бол деп шақырды» Профессор
  5. С.Балғабаев «Ең әдемі келіншек» Гүлбаршын
  6. С.Балғабаев «Әйелдер әлемі» Гүлмайдан
  7. Е.Бодықов «Ит өлім» Рокшана
  8. Ә.Оразбеков «Бір түп алма ағашы» Ләйла
  9. «Қалың елім, қазағым!» Тоғжан
  10. С.Раев «О, қыздар!» Қарлығаш
  11. С.Балғабаев «Махаббат соты» Ана
  12. И.Сапарбай «Ауылдан келген ару» Ана
  13. Б.Жақиев «Әке тағдыры» Зура
  14. Ж.Тілепбергенов «Рамазан Перизат» Салиха
  15. С.Ахмад «Келіндер көтерілісі» Көрші әйел
  16. Р.Отарбаев «Нашақор жайлы новелла» Жанна
  17. М.Әуезов «Айман-Шолпан» Фрейлин
  18. Д.Исабеков «Әпке» Нәзила
  19.  М.Хасанов «Пай, пай, жас жұбайлар-ай!» Ғазиза
  20. Б.Римова «Қос мұңлық» Гүлбарам
  21. Қ.Шаңғытбаев, Қ.Байсейітов «Беу, қыздар-ай!» Нұрсұлу
  22. Т.Ахтанов «Арыстанның сыбағасы» Кәмила
  23. Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» Таңсық
  24. Б.Тәжібаев «Ана жүрегі» Алма
  25. С.Лобазеров «Жындыханадан келген мейман» Ғалия
  26. Ғ.Мүсірепов «Ұлпан» Жеңге
  27. Н.Абрамцева «Шақырады Ақшақар» Ақшақар
  28. С.Балғабаев «Жымбала, Мико және қасқыр» Жымбала
  29. А.Толстой «Алтын кілт» Буратино
  30. М.Қабанбаев «Жиһанкез Тити немесе түрт шайтан, түрт» Тити
  31. С.Мақұлбеков «Қаңбақ шал» Күшік
  32. О.Байсеңгіров «Жақсылық пен жамандық» Бала
  33. Ж.Перро «Күлбикеш» Күлбикеш
  34. С.Жүнісов «Үйшік» Хабаршы
  35. В.Гауф «Құрттай Мұқатай» Мұқатай
  36. Ә.Файзуллаұлы «Үй таңдаған лақ» Лақ
  37. Б.Ұзақов «Шырша іздеген Аққозы» Қоян
  38. В.Орлов «Алтын шөжек» Шөжек
  39. К.Сәттібайұлы «Кұнге ғашық өлкеде» Ақпарақ
  40. А.Линдгринд «Карлсон және балақай» Балақай

 Өз қызметінде ұқыптылығы мен жауапкершілігін таныта білді. Құсаинова Дәметкен еңбекқор және белсенді, ұжымда беделді. Өзіне де және труппасындағы әріптестеріне де талап қойғыш. Сонымен қатар, бірнеше қойылымдарда, көбінесе ертегілерде режиссер қызметін атқарып, халыққа ұсынған біршама туындылары, соның ішінде, Б.Тәжібаевтың «Ана жүрегі» және балаларға арналған «Жылатпайық шыршаны», «Ормандаға ертегі», «Күнге ғашық өлкеде», «Үй таңдаған лақ», «Қара шыбын», «Алтын шөжек», «Карлсон және балақай», «Ырылдақ күшік», «Маша мен аю», «Көжектің көжесі»қойылымдары сахнада жиі көрсетіліп келеді.
Тәжірибе алмасу мақсатында Арқалық қазақ Жасөспірімдер театрында В.Гауфтың «Кішкентай Мұқатай», К.Сәттібайұлының «Қарлығаштың жылы ұясы» қойылымдарын сахналады.
Облыс әкімі сыйлығының лауреаты, ҚР Мәдениет Министрлігінің «Құрмет» грамотасымен марапатталған. ҚР Мәдениет саласының үздігі.