Есет Оразалин

Оразалин Есет Сақтапбергенұлы 1977 жылы дүниеге келді. Байғанин ауданы Миялы орта мектебін бітірген. Т. Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрында 2002 жылдың ақпан айының 2-ші жұлдызынан бастап еңбек етеді. Білімі жоғары, Қ.Жұбанов атындағы мемлекеттік өңірлік университетінің «Музыка» мамандығын бітіріп, Б.Бишеналиева атындағы Қырғызстан мемелекеттік өнер және мәдениет университетінің театр және кино факультетінде сырттай білімін жалғастыруда. Бірінші категориялы әртіс.

 

 

Ойнаған рольдері:

1. Х.Ерғали,М.Ысқақ«Құрманғазы» Надзиратель
2. М.Мағауин «Әйел махаббаты» Едіге, жынды генерал
3. Ш.Құсайынов «Алдар көсе» Шығай хан
4. Б.Тәжібаев «Ана жүрегі» офицер
5. В.Ежов «Бұлбұлдар түні» ефрейтор
6. И.Сапарбай «Ауылдан келген ару» Күзетші
7. У.Шекспир «Король Лир» Освальд
8. Ж.Перро «Күлбикеш» Капрал
9. Л.Шәріпова «Шығыс ертегісі» Аспазшы
10. М.Әуезов «Қарақыпшақ Қобыланды» Бірсымбай М.Әуезов
11. «Айман-Шолпан» Арыстан
12. Т.Ахтанов «Күтпеген кездесу» солдат
13. Ж.Б.Мольер «Скапеннің айласы» қызметші
14. И.Ғайып «Махамбет» жауынгер

Сонымен қатар, балалар қойылымдарында көптеген бейнелерді сахналады.