Әсет Оразалин

Оразалин Әсет Сақтапбергенұлы Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрында 1995 жылдың сәуір айының 2-ші жұлдызынан бастап әртіс болып, істеген мерзім ішінде өзін ұқыпты қызметкер ретінде көрсете білді. Әртіс қызметінде істегеннен бастап, ол ойнаған рөлдерді көрермендер жылы қарсы алды.
Соның ішінде-

  1. Т.Ахтанов «Күтпеген кездесуі» Мырзахмет
  2. Т.Ахтанов «Арыстанның сыбағасы» Момын,
  3. Иран-Ғайыпт «Махамбет» Махамбет
  4. М. Мағауин «Әйел махаббатын» Арыстан
  5. М.Әуезов «Айман-Шолпан» Балпық,  Арыстан батыр,  Көтібар батыр,
  6. Ғ.Мүсірепов. «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» Қодар
  7. М.Әуезов «Қарақыпшақ Қобыланды» Көбікті хан, Қазан
  8. У.Шекспир «Король Лир» Граф Глостер
  9. А.В.Вампилов «Метранпаж» Колошин
  10. В.Ежов «Бұлбұлдар түні» Профессор
  11. Д.Исабеков «Ескерткіш операциясы» Жанайдаров
  12. Ж.Тілепбегенов «Рамазан Перизат» Жарылғап, Молдахмет
  13. Ә.Оразбеков «Бір түп алма ағашы» Зарқымбек
  14. Ғ.Мүсірепов«Есеней-Ұлпан»
  15. Т.Ахтанов «Ант» Семекехан Қоңтәжі
  16. В.Вампилов «Метранпаж» Калошин

Әсет Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институт жанынан ашылған екі жылдық терме студиясын оқып Термеші атағын алып шықты. Ұлы Жеңістің 60-жылдық мерейтойына арналған «Жырлайық, ұлы Жеңісті!» атты әндер байқауында облыс бойынша бірінші орынға ие болды. Республика бойынша Астанада «Елім Менің!» патриоттық әндер сайысының лауреаты. 2007 жылғы Облыс әкімі сыйлығының иегері. «Ой хой 25», « Ауылдан келген Ару», «Үй таңдаған лақ» қойылымдарында өз өлеңдерімен қолтаңбасын қалдырды. Сонымен бірге облыстық тілдерді дамыту және мәдениет саласында Ұлы Абай Құнанбайұлының рөлінде 45 қара сөзін жергілікті «РИКА ТВ» арқылы сомдап, жастарға тәлім тәрбие беруде үлкен үлесін қосып, ең жоғарғы бағаға ие болды. Домбырамен ән айтып, өзі де өлең жазатын жан-жақты өнер иесі. Т.Ахтановтың «Ант» қойылымының «Жар-Жар» әніне өлеңнің сөзін жазды.
Бүгінгі таңда Б.Бишеналиева атындағы Қырғызстан мемлекеттік өнер және мәдениет университетінің театр және кино факультетінде сырттай оқып жатыр.