Сообщение об ошибке

Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' в функции include_once() (строка 1 в файле /var/www/vhosts/ai.kz/public_html/dpsites/teatr.ai.kz/sites/all/themes/bartik/template.php).

Кеңесбай Кемалбаев

Кемалбаев Кеңесбай Қонысбайұлы 1977 жылы Қызылорда облысы Қазалы ауданы Қожабақы ауылында дүниеге келген. 1998 жылы Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық колледжінің режиссура бөлімінің «Көпшілік қойылымдар режиссері» мамандығын бітірген. Білімі жоғары. Бүгінгі таңда Б.Бишеналиева атындағы Қырғызстан Республикасы мемлекеттік университетінің «театр және кино» факультетін бітірген. Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрында 2002 жылдың қазан айының 16-ші жұлдызынан бастап бірінші категориялы артист болып істеген мерзім ішінде қабілетті, білімді, ұқыпты қызметкер ретінде өзін жағымды жағынан көрсете білді.

 

 

Театр сахнасында қызметінде көптеген басты және қосалқы бейнелер сомдады:

  1. Л.Шәріпова «Шығыс ертегісі» Ханзада
  2. Д.Исабеков «Әпке» Темірбек
  3. У. Шекспир «Король Лир» граф Кент
  4. И.Саввин мен Ж. Тәшеновтың «Көшедегі пақырды, әкім бол деп шақырды» Безкозырный
  5. Ү.Байжомартов «Алтын түйменің азабы» Жартыбай
  6. Т.Ахтанов «Ант» Сауран
  7. Т.Ахтанов «Күтпеген кездесу» Маңғас
  8. А.Вампилов «Метранпаж» Патапов
  9. Қ.Жүнісов «Махаббат мелодрамасы» Әмір, продюсер
  10. К.Абэ «Құм құрсауындағы әйел» Еркек
  11. М.Бэцуяки «Дерт» Бас дәрігер
  12. Д.Исабеков «Ескерткіш операциясы» полиция
  13. В.Ежов «Бұлбұлдар түні» Солдат
  14. Ә.Оразбеков «Бір түп алма ағашы» Ерғали
  15. У.Шекспир «Король Лир» граф Кент
  16. С.Асылбеков «Желтоқсан түні ызғарлы» Қайсар
  17. И.Ғайып «Махамбет» Еспенбет
  18. Р.Отарбаев «Нашақор жайлы новелла» Бозөкпе
  19. Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» Қозы
  20. М.Задорнов «Күйеуіңізді сатыңызшы» Андрей
  21. Х.Ерғали, М.Ысқақ «Құрманғазы» Перовский
  22.  Қ.Шаңғытбаев, Қ.Байсейітов «Беу, қыздар-ай!» Сұлтан
  23. М.Мағауин «Әйел махаббаты» Арыстан
  24. С.Ахмад «Келіндер көтерілісі» Асқар
  25. Л.Шәріпова «Шығыс ертегісі» Ханзада
  26. С.Балғабаев «Әйелдер әлемі» Алпан
  27. Б.Тәжібаев «Ана жүрегі» Сәлім
  28. Т.Ахтанов «Махаббат мұңы» Нияз
  29. Э.Э.Ионеско «Сабақ» Мұғалім

Әртіс қызметіне берілгендік, осы өнерге жауапкершілікпен қарап, тапсырылған қызметпен өзіне жүктелген рольдерді айшықты алып шығуға ұмтылып, шығармашылық көзқараспен қарауды мақсат тұтады. Сомдаған рольдерінің әрқайсысы өз алдына бөлек, әр кейіпкердің өзіндік дүние танымы, өмірлік көзқарасы, моральдік бет-бейнесі бар. Бітімі бөлек адамдар. Сол бейнелердің сахнадағы жүріс-тұрысын, қимыл-қозғалысын, айтар әңгімесін неғұрлым бейнелі әрі нанымды жеткізу әртістен үлкен ізденіс пен өзіндік қолтаңбаны қажет етеді..
Кеңесбай өз труппасымен бірге облысымыздың қалалары мен ауылдарына гастрольдік сапармен жиі шығып тұрады. Оның жайлы мінез, айналасындағы әріптестерімен тез тіл табатындығы, әзіл-қалжыңы жұмыс барысында, спектакльдерді дайындау кезінде көптеген жеңілдік туғызады. Кеңесбайдың ашық-жарқын мінез, әр қойылымдағы нақтылы, сенімділігі көрермендерді еріксіз баурап алады. Сөйлеу мәнері, поэзияға деген сүйіспеншілігі, пластикалық қимыл-қозғалысымен ерекшеленеді.
Сонымен қатар, Кеңес Ақтөбе қаласында өткен барлық мерекелік шараларға жүргізуші және әнші ретінде қатысады.
2000 жылы Астана қаласында өткен О.Бөкей атындағы «Көркем сөз оқу шеберлері» байқауының лауреаты.
2003, 2004,2005 жылдары театр маусымында Алғыс хатпен марапатталды.
2005 жылы «Өнердің құдіретті күші» атты I –ші облыстық театр фестивалінде «Ең үздік еркек ролі» номинациясы бойынша бағалы сыйлыққа ие болы.
2009 ж. облыс әкімі сыйлығының лауреаты.
2013ж. «Қазақстан Республикасы мәдениет саласының үздігі» төс белгісімен марапатталды.