Қазихан Балдаиров

Балдаиров Қазихан Әлімұлы 1973 жылы дүниеге келген. Білімі орта. Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрында 1995 жылдан бастап жұмыс жасайды. Халық бойындағы сахналық бейнелерді жетік меңгерген Қазихан қай рольдің де тереңірек, нанымды болуына ұмтылады. Ауыл адамы, соғыс жауынгері, бүгінгі қоғам азаматы, көне дүниенің көз таныс бейнелерін сомдаған артистке жұртшылық әрдайым риза.

 

 

 

 

Ойнаған рольдері:

  1. М.Әуезов «Айман-Шолпан» Өзбек, Қортық
  2. В.Ежов «Бұлбұлдар түні» кеңес командирі
  3. Е.Әлімжанов «Тақ талас» Жауғабай
  4. О.Бодықов «Ит өлім» Алик
  5. Ж.Тілепбергенов «Рамазан Перизат» Тәртіп сақшысы
  6. Т.Ахтанов «Ант» Қайып хан
  7. С.Балғабаев «Әйелдер әлемі» Алпан
  8. Е.Әлімжан «Жан ұран» ақын
  9. Д.Исабеков «Әпке» Омар
  10. С.Ахмад «Келіндер көтерілісі» ортаншы ұлы
  11. И.Ғайып «Махамбет»
  12. Х.Ерғали, М.Ысқақ «Құрманғазы» Мақаш
  13. У.Шекспир «Король Лир» Хабаршы
  14. Ә.Оразбеков «Бір түп алма ағашы» Зарқымбек
  15. Д.Исабеков «Ескерткіш операциясы» Полиция
  16. М.Бэцуяки «Дерт» Басты рольде
  17. Қ.Жүнісов «Махаббат мелодрамасы» Айқын
  18. Ү.Байжомартов «Алтын түйменің азабы» Полковник

Сондай-ақ балалар ертегілеріндегі аңдар мен хайуанаттар Қазихан бейнесінде тым нанымды, сенімді шығады.