Майгүл Мұзбаева

Мұзбаева Майгүл Мұханбетқалиқызы Ақтөбе қаласында 1976 жылдың 15-сәуірінде дүниеге келді. Орта мектепті бітіргеннен кейін 1993 жылы Ақтөбе педагогикалық институты жанындағы театр-студиясын бітіріп, драма әртісі мамандығын алды. Оқи жүріп Ақтөбе облыстық драма театрында әртіс болып қызмет жасады. 1999 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе университетінің музыка факультетін тәмәмдады Осы жылдар ішінде қарапайым рольдерден бастап, драмалық бейнелерді сәтті шығара білді. Т. Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрында 1993 жылдан бастап жоғары категориялы әртіс болып жұмыс жасайды.

Еңбек жолдарында өзінің іскерлігін, жинақылығын, талантты және алдына мақсат қоя білетін актриса екендігін көрсете алды. Оның орындауындағы көптеген сахналық бейнелер көркемдік кеңес мүшелерінің ойынан шықты. Қызметке араласқаннан бастап репертуардағы 30 ға тарта спектакльдерде басты рольдерді сомдады. Әрбір ролі көрермендер мен сыншылардың көңілінен шықты. 2003 жылғы маусымда «Ең үздік актриса» жүлдесін,2006 жылғы театр фестивалінде Ғ.Мүсіреповтің «Қозы-Көрпеш - Баян сұлу» - Күнекей ролі,ТАхтановтың «Арыстанның сыбағасы» Ақмарал ролі үшін «Ең үздік әйел ролі» номинациясын жеңіп алды.

Орындаған басты рөлдері:

1. Е. Әлімжанов «Тақ талас»-Бақшагүл. 2. Ж. Тілепбергенов «Рамазан-Перизат»-Толқын. 3. О. Бодықов «Ит өлім»-Сағымбала. 4. Т. Ахтанов «Ант»-Кемпір. 5. С. Балғабаев «Әйелдер әлемі»-Ләтипа-ақын қыз, -Айләззат-биші қыз және Динараш.

6. Т.Ахтанов «Күшік күйеу»-Алма. 7. Т. Минуллин «Аналар мен сәбилер»-Алтыншаш. 8. Ғ. Мүсірепов «Аңыз ана»-Ана. 9. Д. Исабеков «Әпке»-Гаухар. 10. С. Ахмад «Келіндер көтерілісі»-Башарот. 11.Т. Ахтанов «Күтпеген кездесу»-Ғалия. 12. М. Мағауин «Әйел махаббаты»-Шәйза. 13. Қ. Шаңғытбаев, Байсеитов «Беу, қыздар-ай»-Айсұлу. 14. Х. Ерғалиев «Құрманғазы»-Наталья. 15. Т. Ахтанов «Арыстанның сыбағасы»-Ақмарал. 16. Ғ. Мүсірепов «Қозы Көрпеш-Баян сұлу»-Күнікей. 17. И. Сапарбай «Ауылдан келген ару»-Сәндігүл. 18. Р. Отарбаев «Нашақор жәйлі новелла»-Ана. 19. Ә. Оразбеков «Бір түп алма ағашы»-Әлия. 20. У. Шекспир «Король Лир»-Гонерилья. 21. М. Әуезов «Қарақыпшақ Қобыланды»-Қарлыға. 22. Б. Тәжібаев «Ана жүрегі»-Гүлжан. 23. С. Раев «О, қыздар!»-Жарқынай, Қарлығаш. 24. И. Саввин, Ж. Тәшенов «Қаладағы пақырды, әкім бол деп шақырды» -Анжелика. 25. Д. Исабеков «Ескерткіш операциясы»-Нұсқаушы.

26. Еврипид «Медея» Медея

27. Т.Ахтанов «Махаббат мұңы» Ләззат

28. Н.В.Гоголь «Үйлену» Фекла

29. Д.Исабеков «Актриса» Актриса

30. Т.Ахтанов «Ант» Бопай ханым

Дайындық кезінде жаңа рольге деген сүйіспеншілік, театр артисі деген атаққа лайықты болу, сахнадағы бейнені толыққанды шығару үшін ізденіс, қажет кезінде әріптестерге көмекке келу - Майгүлдің айрықша қасиеттері. Майгүл Мұзбаева өз қызметінің кәсіпқой маманы, әрдайым ізденіс үстінде жүретін, өзіне талап қойғыш актриса.

Майгүл артистік шеберлігімен қатар көркемсөз шебері.

VII Республикалық О.Бөкей атындағы көркемсөз шеберлері байқауының лауреаты. Қазір облыста өзінен кейінгі жастар арасында көркемсөз шеберлерін дайындап ұстаздық етіп жүр.

Майгүл Мұзбаева сонымен бірге қала және облыстың мәдени іс-шараларына белсене қатысатын, сол шаралардың табысты, тартымды өтуіне үлес қосатын іскер азаматшалардың бірі.

Майгүл бұл күндері театрдың белсенді қызметкеріне айналды, жастарға жөн көрсетіп, тиімді ақыл-кеңес бере алатын ақылшы апалардың қатарында келеді. Кәсіби шеберлігі нәтижесінде жоғары категориялы артис атанды. Облыста жыл сайын өтіп жататын «Жас дәурен», «Наурыз мейрамы», «Жаңа Жыл», «Тәуелсіздік күні» өзге де кәсіптік мерекелердің шебер жүргізушісі.

Майгүл 2008 жылғы «Облыс мәдениеті мен өнерінің дамуына қосқан үлесі үшін» Ақтөбе облысы әкімі сыйлығының лауреаты болып марапатталды. Жоғары кәсіби және шығармашылық жұмысындағы табыстары үшін облыстық мәдениет басқармасының талай мәрте алғыстары мен ақшалай сыйлықтарына ие болды. Жұмысындағы жемісті еңбегі, жеке адамгершілік көзқарасымен ұжымда беделді де белсенді қызметкерлердің бірінен саналады. Майгүл облыстағы іскер әйелдер қатарынан көрініп, белсенділік танытып, 2012 жылы Астана қаласында өткен іскер әйелдердің «ІІІ- Евразиялық саммитіне» делегат ретінде қатысып қайтты. Сонымен қатар 2011 жылы «Миссис Ақтөбе» байқауына қатысып, өзінің талантымен бірге әйелге тән сұлулығын мойындатып «Салтанат» номинациясын жеңіп алды. Ерекше айтатын қабілеті – сұлулыққа құмарлығы. Өткен жылы өзінің шығармашылығының 20жылдығына арнап, есеп беру «Бенефисін» өткізді. Белгілі драматург Д.Исабековтың «Актриса» моноспектаклін ерекше қабілетімен орындап, көрермендер сүйіспеншілігіне бөленді.

Майгүл Т. Ахтановтың 90-жылдығына арналған Республикалық театр фестивалінде Т. Ахтанов «Ант» спектаклінде Батима ханым ролін сомдап сыншылардың жақсы пікіріне ілікті және Т. Ахтановтың «Махаббат мұңы» спектаклінде Ләззат ролі көрермен көңілінен шықты.

2013 жылы ҚР Мәдениет және Ақпарат Министрлігінің «Мәдениет саласынының үздігі» төсбелгісімен марапатталды

М.Мұзбаева шеберлігі ұшталған, бет-бейнесі айқындалған жетекші актриса. Майгүл - үлгілі ана,сүйікті жар.