Майра Ильясова

Ильясова Майра Сидагуловна 1966 жылы Ақтөбе облысы, Алға ауданында дүниеге келген. 1981-1984 жылдары Ақтөбе мәдени-ағарту училищесінде оқып, клуб қызметкері, қазақ халық ұлт-аспаптар оркестрінің жетекшісі мамандығын алды. 1995-1999 жылдары Қ.Жұбанов атындағы мемлекеттік университетінде музыка пәнінің мұғалімі мамандығын алып шықты. Ілиясова Майра 1981-1984 жылдары Ақтөбе мәдени-ағарту училищесінде оқып, клуб қызметкері, қазақ халық ұлт-аспаптар оркестрінің жетекшісі мамандығын алды. 1995-1999 жылдары Қ.Жұбанов атындағы мемлекеттік университетінен музыка пәнінің мұғалімі мамандығын алып шықты. 1989-1993. –жылдары облыстық халық шығармашылық үйінде әдіскер қызметін атқарды.1993 жылдан бастап Ақтөбе облыстық драма театрында қызмет жасайды. Жоғары категориялы әртіс. Өз қызметін жауапкершілікпен атқарып, сахнадағы әр бейнені толымды шығаруға ұмтылады.Майра көп жылдардан бері театрдың белді қызметкері және Ақтөбелік көрермендердің сүйіктісіне айналған беделді жан. Қазақ қыздарының сұлулығы,сыпайы және ізеттілікке толы, ақылына көркі сай аруларын сомдаған әртіс. Сахнадағы бейнеге сай жасарып,жаңарып отыратын Майраның көркем күлкісі, майда да мәнерлі дауысы,актерлік шеберлігі көрермендерді баурап әкетеді.

Ойнаған рольдері:

  1. М.Мағауин «Әйел махаббаты» Жәмила
  2. С.Раев «О,қыздар ай!» Ана
  3. С.Ахмад «Келіндер көтерілісі» Мехри
  4. Ә.Оразбеков «Бір түп алма ағашы» Дәметкен ана
  5. И.Сапарбай «Ауылдан келген ару» ана
  6.  Ж.Тілепбергенов «Рамазан-Перизат» Перизат
  7. М.Әуезов "Қарақыпшақ Қобыланды" Күнікей
  8. Ғ.Мүсірепов «Есеней - Ұлпан» Ұлпан
  9. М.Әуезов «Айман-Шолпан» Айман
  10. Д.Исабеков «Әпке» Қамажай
  11. Х.Ерғали, М.Ысқақ «Құрманғазы» Айнаш
  12. Қ.Шаңғытбаев, Қ.Байсейітов «Беу, қыздар-ай!» Нұрсұлу
  13. С.Асылбеков «Желтоқсан түні ызғарлы» Мария Петровна
  14. Б.Тәжібаев «Ана жүрегі» Айнаш
  15. Қ.Жүнісов «Махаббат мелодрамасы» Нұржамал
  16. С.Балғабаев «Ең әдемі келіншек» Мәдина
  17. С.Балғабаев «Әйелдер әлемі немесе ең жақсы еркек» Розабану
  18. К.Жетпісбаев «Бала мерген» Ақбалдақ
  19. Д.Исабеков «Ескерткіш операциясы» Күләй
  20. Т.Минуллин «Аналар мен сәбилер» Валентина
  21. Ғ.Мүсірепов «Аңыз ана» Мейірбан ана

Сонымен қатар, балаларға арналған қойылымдарда ойнайды. Майра Ильясова ұжымда беделді, тәжірибелі маман,сахнада өзіндік бет-бейнесі айқындалған жетекші актрисалардың бірі.Әр бейнені толымды шығарып,жыл өткен сайын шеберлігін жетілдіріп келе жатқан Майра Ильясованың көрермендерге берер сәтті бейнелері мол боларына сенеміз.
2001 ж. М, Әуезовтың «Айман-Шолпан» спектакліндегі Айман рөлі үшін «Ең үздік әйел рөлі» номинациясымен Дипломмен, 2007 ж. "Өнердің құдіретті күші" фестивальінің жүлдегері, 2011 ж. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай өткізілген «Миссис Ақтөбе-2011» байқауына белсене қатысқаны үшін облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комисияның Алғыс хаты мен Сертификатына ие болды. 2010 ж. Ақтөбе облысы әкімінің сыйлығының лауреаты, 2013 ж. мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне орай Мәдениет және ақпарат министрлігінің «ҚР Мәдениет саласының үздігі» төс белгісімен марапатталды.