Нұрсұлтан Айтқалиев

Айтқалиев Нұрсұлтан Мұратұлы Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрында 2001 жылдың қаңтар айының 14-ші жұлдызынан бастап жұмыс жасайды. Білімі жоғары. Б.Бишеналиева атындағы Қырғызстан Республикасы мемлекеттік өнер және кино факультетін бітірген. Өз қызметін ұқыптылықпен атқарып, тапсырылған рөлінің концепциясына шығармашылық көзқараспен қарайды. Айтқалиев Нұрсұлтан еңбекқор және белсенді, ұжымда беделді. Өзіне де және труппасындағы әріптестеріне де талап қойғыш. Әртіс қызметінде істегеннен бастап бір қатар бейнелер сомдады.

 

 

Ойнаған рольдері:

  1. Е.Төлеубай «Ой, хой 25» Маймыл
  2.  Т.Ахтанов «Күтпеген кездесу» Неміс
  3. С.Шаймерденов «Дөкей келе жатыр» Дыңқыш
  4. И.Саввин, Ж.Тәшенов «Көшедегі пақырды, әкім бол деп шақырды» Аспирант
  5. Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» Қозы Көрпеш
  6. Р.Отарбаев «Нашақор жайлы новелла» Жалқытай
  7. М.Мағауин «Әйел махаббаты» жынды
  8. Х.Ерғали, М.Ысқақ «Құрманғазы» Ерғали
  9. С.Асылбеков «Желтоқсан түні ызғарлы» Қайсар
  10. М.Әуезов «Қарақыпшақ Қобыланды» Қараман
  11. Б.Тәжібаев «Ана жүрегі» Бағлан, Бәкір, Арман
  12. У.Шекспир «Король Лир» сайқымазақ
  13. Ә.Оразбеков «Бір түп алма ағашы» Мақсат
  14. В.Ежов «Бұлбұлдар түні» Ақсақ
  15. Д.Исабеков «Ескерткіш операциясы» Нұсқаушы
  16. Ү.Байжомартов «Алтын түйменің азабы» Серікжан
  17. Т.Ахтанов «Ант» Жанарыс
  18. С.Балғабаев «Махаббат соты» Есімсейіт
  19. Ғ.Мүсірепов «Аңыз ана» Ауыл ақсақалы
  20. М.Әуезов «Айман-Шолпан» Балпық ақын
  21. Т.Ахтанов «Күшік күйеу» Тюральчик
  22. И.Сапарбай «Ауылдан келген ару» Жәнібек
  23. И.Ғайып «Махамбет» Елші

Сонымен қатар, балаларға арналған қойылымдарда ойнайды.