Сообщение об ошибке

Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' в функции include_once() (строка 1 в файле /var/www/vhosts/ai.kz/public_html/dpsites/teatr.ai.kz/sites/all/themes/bartik/template.php).

Толқын Жандыбаева

Жандыбаева Толқын Қаламғалиқызы Ақтөбе облыстық драма театрында 1996 жылдың қыркүйек айынан бастап қызмет жасап келеді. Білімі жоғары. Н. Черкасов атындағы Ленинград мемлекеттік кино, музыка және театр институтының түлегі. Облыстық драма театрында өзіндік жолы, тапсырылған бейнелерді шығарудағы талпынысымен ерекшеленеді. Әртіс қызметінде істегеннен бастап бір қатар бейнелерді шынайы шығаруымен ұжымдағы өзінің орнын белгілеп алды. Т. Жандыбаева сахнада өзіндік қолтаңбасы бар, талантты және еңбекқор актриса.

 

 

Ойнаған рольдері:

  1. Қ.Шанғытбаев "Беу, қыздар-ай!!" милиционер қыз
  2. М.Задорнов "Күйеуіңізді сатыңызшы" Елена Владимировна
  3. М.Әуезов «Қарақыпшақ Қобыланды» Құртқа
  4. У.Шекспир «Король Лир» Регана
  5. В,Ежов «Бұлбұлдар түні» Нина
  6. И.Саввин, Ж.Тәшенов «Көшедегі пақырды, әкім бол деп шақырды» Анжелика
  7. И.Сапарбаев «Ауылдан келген аруын» Гүлдана
  8. С.Раев «О,қыздар» Флюра
  9. М.Әуезов «Айман-Шолпан» Шолпан
  10. Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» Баян
  11. Т.Ахтанов «Ант» Қарт ана
  12. Ғ.Мүсіропов «Есеней - Ұлпан» Қайқы
  13. Ғ.Мүсірепов «Аңыз ана» Кейуана
  14. Т.Минуллин «Аналар мен сәбилер» Дилямма
  15. С.Балғабаев «Әйелдер әлемі» Ләтипажан
  16. М.Мағауин «Әйел махаббаты» Жәмила
  17. С.Лобозеров «Жындыханадан келген мейман» әйелі
  18. Д.Исабеков «Әпке» көрші әйел
  19. С.Асылбеков «Желтоқсан түні ызғарлы» Мария Петровна
  20. Р.Отарбаев «Нашақор жайлы новелла» Камилла
  21. Ә.Оразбеков «Бір түп алма ағашы» Әлия
  22. Ж.Б.Мольер «Скапеннің айласы» Зирбенетта
  23. Е.Әлімжан «Жан ұран» Сандуғаш
  24. Е.Әлімжанов «Тақ талас» Хатшы қыз
  25. С.Ахмад «Келіндер көтерілісі» Сатты
  26. М.Хасанов «Пай,пай,жас жұбайлар-ай!» Елес
  27. Б.Римова «Қос мұңлық» қыз
  28. Т.Ахтанов «Арыстанның сыбағасы» көңілдес биші қыз
  29. Б.Тәжібаев «Ана жүрегі» Айнаш
  30. А.Вампилов «Метранпаж» Марина
  31. А.Тостой «Буратино» Алиса
  32. К.Жетпісбаев «Бала мерген» мыстан
  33. Н.Абрамцева «Шақырады Ақшақар» пингвин, мыстан
  34. О.Байсеңгіров «Наурыз гүлі» Сапаба
  35. Ж.Перро «Күлбикеш» Өгей шеше
  36. С.Жүнісов «Үйшік» бақа
  37. А.Шамкенов «Қайырымды қаз» қаз
  38. Ш.Құсайынов «Алдар көсе» Дәметкен
  39. Г.Х.Андерсен «Қар ханым» Қар ханым
  40. А.Маемиров «Күн астындағы Күнекей қыз» Нағима
  41. В.Гауф «Кішкентай Мұқатай» мыстан
  42. Ә.Файзуллаұлы «Үй таңдаған лақ» түлкі
  43. Е.Төлеубай «Жыл он екі ай» жылқы
  44. Б.Ұзақов «Шырша іздеген Аққозы» түлкі
  45. В.Орлов «Алтын шөжек» түлкі
  46. К.Сәттібайұлы «Күнге ғашық өлкеде» мысық
  47. Т.Теменов «Ырылдақ күшік» полицай Брр
  48. «Наурыз - Думан» бесқонақ
  49. Ө.Ахмет «Жылатпайық шыршаны» жылан
  50. А.Линдгренд «Карлсон және балақай» фрекен Бок
  51. Г.Гоголь. Үйлену Арина Пантелеймоновна
  52. Орыс халық ертегісі «Маша мен аю» Қасқыр рөлі
  53. Тапқыр көжек Аю

2003-2004 жылдары Халықаралық театр күнінде театр өнерін дамыту жолында елеулі үлес қосқан орасан зор көмегі үшін арнайы Алғыс хатпен марапатталды.
2005 - 2007 жж. "Өнердің құдіретті күші"атты фестивальде М. Задорновтың «Күйеуіңізді сатыңызшы» комедиясында «Ең үздік әйел ролі» және "Ең үздік ертегі ролі" номинациясы бойынша ақшалай сыйлықпен марапатталды.
2008 ж. театр маусымының жабылуы және қорытындысына орай "Ең үздік әйел ролі" номинациясы бойынша және бірнеше рет облыстық мәдениет басқармасының грамотасымен, дипломмен марапатталды.
2009-2010 жылдары Құрмет Грамотасымен Облыстық мәдениет басқарма бастығы Н.Табылдинова театр өнерін насихаттап, жастарға эстетикалық тәрбие беруге қосқан үлесі үшін марапаттады.
2012 жылы 31 мамыр Алғыс Хат , жыл қортындысымен Тұғырлы Тәуелсіздігіміз тұспа-тұс келген 20 жылдық маусымның жемісті аяқталуымен өнерге қосқан үлесі үшін марапатталды.

2014 жылы Облыс әкім сыйлығының лауреаты дипломымен марапатталып, ақшалай сыйлыққа ие болды.