Айман-Шолпан

М. Әуезов  «Айман-Шолпан»

Қоюшы режиссері  -М. Бақытжанов

қоюшы суретші –А. Орынбасар

БалетмейстерЛ. Мұхамедалина

Музыкамен көркемдеуші –Б. Жұмалин

Ұлтымыз ұлағат тұтып,қазірге дейін бірге  алып келе жатқан  жырларының бірі- «Айман-Шолпанды»- туған өлкеміздің бойында өткен оқиғаны, заманымыздың заңғар жазушысы  М. Әуезов әдемі драматургияға айналдыра білді.Бүкіл қазақ театрларының алтын арқауына айналған осы туындыны Т. Ахтанов театры да бірнеше рет сахналады. Алғашқы тұсаукесері 1996 жылы 26-шы ақпанда болып өтті. Содан бері бұл қойылым жергілікті театрдың аса құнды дүниесі болып саналады. Театрдың шығармашыл тобы  бірлесіп, халыққа таныс туындыны жаңаша түрлендіруге көп күш жұмсады.Бұл қойылым 2004 жылы республикалық театр фестивалінде лауреат атанған болатын.

Айман мен Шолпанды-Айгүл Оразалина, Роза Ерболатова,Көтібар батырды -С. Аманқұлов,Маман байды-Ғ. Убаев, Әлібек пен Арыстанды-Д.Нарман мен Е. Оразалин, Теңгені-А. Өлмесекова, өзге де ролдерді театрдың белді артистері  сомдайды. Сахнада осыдан 16 жыл бұрын тұсауын кескен құнды шығарма қызылордалық көрермендерді де күміс күлкіге бөлейді деп сенеміз.