Сообщение об ошибке

Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' в функции include_once() (строка 1 в файле /var/www/vhosts/ai.kz/public_html/dpsites/teatr.ai.kz/sites/all/themes/bartik/template.php).

Ескерткіш операциясы

Д. Исабеков «Ескерткіш операциясы»

Қоюшы режиссер –Оразәлі Ақжарқын-Сәрсенбай

Қоюшы суретші - А. Орынбасар

Балетмейстер – Л. Мұхамедалина

Композитор- Б. Жұмалин

Киім үлгісінің суретшісі – З. Құлмұханова

Халқымыздың өткені мен бүгінін тегіс қамтып жүрген жазушы-драматург Дулат Исабеков  бұл шығармасына бүгінгі тіршіліктің кейбір көріністерін арқау еткен. Той құмарлық,даңғазалық, дарақылық, жағымпаздық сынды бойымызда бар кемшілікті орынды сынаған. Сонымен бірге   халқымыздың қонақжай, дарқандық сияқты сан қырлы мінез-құлқымыз бар болмысымен ашыла түседі. Тері зауытының қарапайым еңбек адамынан бастап, аудан, облыс басшылары,олардың көмекшілері, шет елдік делегацияның өзіндік бітім-бейнесінен жақсылы-жаманды қасиеттерді көрсете отырып, көрерменді езу жимас күлкіге бөлейді. Қойылым кезіндегі жастар биі де көрермен көңілінен шығып, шығарма мақсатын аша түседі.Негізінен актерлық топтағы жас артистер нәтижелі жұмыс жасай білді. Спектаклдің бас кейіпкері  сантехник Әштен (Ғазиз Убаев), аудан әкімі (Әсет Оразалин) , облыс әкімі (Д. Нарман), ағылшын делегациясы (Ш. Омаров, А. Өлмесекова, Сержан Аманқұлов ) тағы басқа артистер өзіндік ерекшеліктерімен танылады. Сөз соңын: «Тұрғызуға ескерткіш, Халықпыз ғой өлермен. Сол ескерткіш әлегін, Тамашала, көрермен!» деп аяқтағымыз келеді.