Сообщение об ошибке

Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' в функции include_once() (строка 1 в файле /var/www/vhosts/ai.kz/public_html/dpsites/teatr.ai.kz/sites/all/themes/bartik/template.php).

Карлсон

Астрид Линдгрен. «Карлсон және балақай»

Қоюшы режиссер  Д. Құсайынова

Қоюшы суретші-Ұ, Құмаров

Балетмейстер-Л.Мұхамедалина

Музыкамен көркемдеген-Б. Жұмалин 

Өлеңдерін жазған – Ә.Сатыбалдиев

 Өз ертегілерімен әлем балаларын өз бауырына тартқан Астрид Линдгреннің есімі әйгілі даниялық Андерсенмен қатар тұрады.Осы ертегі Ақтөбелік кішкентай көрермендердің   жақсы көретін шығармасына айналды. Балақайдың мұңайған кезінде қасынан табылатын үй төбесіндегі шатырда тұратын Карлсон қолынан бәрі келетін дүниедегі ең мықты, ақылды дос. Үй терезесінен кіріп, балақайдың көңілін көтеретін Карлсонды- Қазихан Балдайыров сомдайды. 1997 жылы Алматыда өткен республикалық теарт фестивалінде күміс жүлдені жеңіп алған Қ. Балдайыровтың осы бейне үшін де көп тер төккендігі байқалады. Балақайды-А. Оразалина, Д. Құсайынова, үй күтуші мен ұрыларды қалған артистер шынайы бейнелейді. Үй іші мен шатыр төбесіндегі оқиғалар балаларды шексіз қуанышқа бөлейді.Балаларға арналған бұл шығарма үлкендерді де өзіне тартып, шын достық пен бақытты балалық шақтың қызық думанына қайта оралтады.