Орыс труппасының 57-ші-ші театр маусымы

Қазақ труппасының 31-ші театр маусымы

Ақтөбе қаласының 150 жылдығына арналған IV «BALAUSA» Халықаралық экспериментальды спектакльдер фестивалі

16-21 сәуір, 2019ж

Фестивальге республика көлемінен, Армениядан, Қырғызстаннан, Татарстаннан, Өзбекстаннан келген 10 театр ұжымы қатысты. Атап айта кетсек: Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театры (Ақтөбе), «EL jastar teatry» (Көкшетау),  Жамбыл облыстық қазақ драма театры, Буинск атындағы Мемлекеттік драма театры (Татарстан), Өзбекстанның Мемлекеттік қуыршақ театры, Сәбит Мұқанов атындағы қазақ музыкалық драма театры(СҚО), Аппаз Жайнақов атындағы Баткен облыстық музыкалық драма театры (Қырғызстан), Антеприз театры (Армения) және МКҚК «Алматы Әуендері», «Асанәлі Әшімов театры», ЛАБОРАТОРИЯ 316 (Алматы қ.).

Фестивальде қазылар алқасының төрағасы Обаев Есмұхан Несіпбайұлы - режиссер, профессор, Қазақстанның халық әртісі және алқа мүшелері: Одуракаев Бусурман Кожокулұлы - Қырғызстан Республикасының халық әртісі Ш.Айтматов атындағы халықаралық сыйлығының иегері; Игламов Нияз Рауфович - театр сыншысы, Г.Камал атындағы Татар мемлекеттік академиялық театрының әдебиет бөлімінің басшысы; Джурова Татьяна Сергеевна - театр сыншысы, өнертану ғылымының кандидаты, Ресей Мемлекеттік сахналық өнер институтының аға оқытушысы;  Кемал Елтай Тамабайұлы - театр өнері магистрі, Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрының режиссері төрелік жасады.

IV халықаралық экспериментальді фестивалінде театр ұжымдары сан алуан жанрдағы қойылымдарды сахналап, қазылар алқасының шешімі бойынша  СҚО-ның Сәбит Мұқанов атындағы қазақ музыкалық драма театры М.Жұмабаевтың «Шолпанның күнәсі» (режиссері – Батырбек Шамбетов) спектаклімен Бас жүлдеге ие болды. Алматы қаласынан келген ЛАБОРАТОРИЯ 316 театры «B.O.Q.» спектаклі үшін  «Үздік режиссура» номинациясына ие болса, Ақтөбе облыстық драма театрының актеры Телеуғалиев Бағдат  У.Шекспирдың «Гамлет» спектакліндегі Гамлет образы үшін  «Ең үздік ер адам рөлі» номинациясына ие болды.  Ал, «Ең үздік әйел  рөлі» номинациясына Р.Зайдулланың «Абага» спектаклі үшін Буа мемлекеттік драма театрының (Татарстан) актрисасы Камартдинова Гульзада Илдаровна ие болды.

  Ақтөбе қаласының әкімі Испанов Ілияс Сапарбекұлы дайындаған арнайы сыйын  Көкшетаулық  «EL jastar  teatry » театрына, «Армандар кемесі» спектаклі үшін табыс етті.

            Арнайы дипломмен «Тарихи тақырыпты көтергені үшін» Жамбыл облыстық қазақ драма театры Б.Жандарбековтың «Томирис» спектаклі үшін; «Өзекті тақырып үшін» Антеприз театры (Армения) - «Манипуляция» Э.Ионеско «Бред вдвоем» спектаклі үшін; «Фестиваль сахнасындағы дебют үшін» МКҚК «Алматы Әуендері», «Асанәлі Әшімов» театры Н.В.Гогольдің «Вий» спектаклі үшін; «Өзекті сахналық тілді іздегені үшін» Көкшетаулық  «EL jastar  teatry» театры Айғыз Баймұхаметовтың «Армандар кемесі» спектаклі үшін; «Театр алаңындағы дәстүрлеріне адалдық үшін»    Өзбекстанның Мемлекеттік қуыршақ театры Д. Юлдашевтың «О, бұл Қожа Насреддин» үшін марапатталды.  Ал, Аппаз Жайнақов атындағы Баткен облыстық музыкалық драма театры (Қырғызстан) Ш.Айтматовтың «Жәмила»   спектаклі Ақтөбе қаласының 150 жылдығына арналған IV Халықаралық «Балауса» экспериментальды спектальдер фестиваліне қатысқаны үшін дипломымен марапатталды.