Орыс труппасының 57-ші-ші театр маусымы

Қазақ труппасының 31-ші театр маусымы

Халықаралық «Балауса-2018» экспериментальды қойылымдар фестивалі

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театры 2018 жылдың 20 мен 22 сәуірі аралығында Тахауи Ахтановтың 95 жылдығына арналған Халықаралық «Балауса» экспериментальды қойылымдар фестивалін өткізді. Бұл фестиваль облысымызда драма театрлар арасында Халықаралық  деңгейде алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Фестивальдің басты мақсаты заманауи театр әлемінің шығармашылығымен таныстыру және театр ұжымдары арасында  қатынасты нығайту. 

Фестиваль сәуір айының 20 күні қаламгер Т.Ахтановтың ескерткіш-мүсінін ашу салтанатымен басталды. Салтанатты облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысы М.Қорғанбаева ашып, ескерткіш-мүсіннің лентасын Қазақстанның Халық артисі, профессор Есмұхан Обаев пен Қазақстан жазушылар Одағы Ақтөбе филиалының директоры Бауыржан Өтеулиев қиды. Қаламгердің ескерткіш-мүсініне Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, жерлесіміз Л.Кәденова гүл себетін қойды. Салтанатты шарада ескерткіш-мүсіннің авторы, Өзбекстан Академиясы Суретшілер Одағының мүшесі ЖақсыбайТөлегенов қатысты.

Фестивальдің жалғасы театрдың үлкен залында конференция - спектакльмен жалғасты. Конференцияда Т.Ахтановтың өмірі мен шығармашылығынан  Е.Обаев, Е.Жуасбек, жергілікті өлкетанушы, Т.Ахтановтың өмірінен «Арыстан жалды заңғар жазушы» кітабын құрастырушы Б.Мырзабай  баяндамалар оқып, әр баяндаман кейін Т.Ахтановтың драматургиясынан «Ант», «Күтпеген кездесу», «Махаббат мұңы» спектакльдерінен үзінділер көрсетілді.

Сол күні кешке Халықаралық «Балауса» экспериментальді спектакльдер фестивалінің ашылу салтанаты өтті. Салтанатты кеште фестивалге шақырылған құрметті қонақтарының қатарында  А.Чехов атындағы Мәскеу көркемдік театрының актеры Д.Дюжев болды. Шара соңында ҚР Мәдениет министрлігінің театр және кинемотаграфия бөлімінің басшысы Г.Мырзашева фестивальдің ашылуымен құттықтай отыра, театр қызметкерлерінен қазақ труппасының меңгерушісі Нелли Шульганы «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен, ал балетмейстер Қаршыға Дандагариевті Құрмет грамотасымен марапаттады.

Фестивальге республика көлемінен Алматы мемлекеттік қуыршақ театры, Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры, «А.И. музыкалық театр және продюсерлік орталығы», «Театр 28» театры, РФ А.С.Пушкин атындағы Орск мемлекеттік драма театры, Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театры және облыстық «Алақай» қуыршақ театры қатысты.

             Қатысушылардың өнерін қазылар алқасының төрағасы Қазақстанның халық артисі Е.Обаев, сонымен қатар, өнертану ғылымдарының кандидаты Е.Жуасбек, Ресейдің еңбек сіңірген артисі А.Кове, Қырғызстан Республикасының халық артисі Б.Одуракаев және облыстық мәдениет, мұрағаттар және архивтер басқармасының басшысы М.Қорғанбаева сараптады. Сәуірдің 21-22 не театр қойылымдары өтті.

            Сәуірдің 22-не фестивальдің жабылу салтанаты өтіп, қазылар алқасының шешімімен облыстық «Алақай» қуыршақ театры С.Н.Балыковтың «Отпусти поводья и лети» спектаклімен «Жоғары кәсіби деңгейі үшін» номинациясымен, Алматы мемлекеттік қуыршақ театрының әртісі Д.Иса Ш.Айтматовтың «Ана – Жер ана» спектакліндегі Әлиман рөлі үшін «Ең үздік дебют» номинациясымен, Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрының әртісі В.Кинжебаев Г.Хугаевтың «Қара шекпен» спектаклінде Чобра рөлі үшін «Екінші пландағы ер адам бейнесі үшін»номинациясымен, РФ А.С.Пушкин атындағы Орск мемлекеттік драма театры әртісі Т.Потерява Л.Духанинаның «Меня нет» спектакліндегі әйел рөлімен «Екінші план әйел адам бейнесі үшін» номинациясымен, «Театр 28» театрының Г.Бюхнердің «Войцек» спектаклінің режиссері Д.Жұмабаева «Ең үздік режиссура» номинациясымен және А.Сатыбалды спектаклдегі Войцек рөлі үшін «Ең үздік ер адам бейнесі» номинациясымен, А.И. музыкалық театр және продюсерлік орталығы» әртісі А.Бекмухамбетова Ж.Расиннің «Федра» спектаклінде Федра рөлі үшін «Ең үздік әйел бейнесі» номинациясымен, ал, Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры М.Горькийдің «Шыңырау» спектаклі үшін «Ең үздік спектакль» номинациясымен және   диплом, логотипті кристалды мүсін, логотипті стендтегі сәндік табақша мен ақшалай жүлдемен марапатталды.