58-й театральный сезон русской труппы

32-й театральный сезон казахской труппы

Казахская труппа Рахат Сейтжанұлы Төрежанов

Рахат Сейтжанұлы Төрежанов 06.01.1993 жылы Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Әйке ауылында дүниеге келген. 1999 – 2010жж Әйке орта мектебін бітірді. 2010-2013жж   Ақтөбе гуманитарлық колледжінің «Музыкалық білім беру» мамандығы бойынша білім алды. 2013 жылы Астана қаласы Қазақ Ұлттық өнер университетінің «драма және кино тв» бөлімінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері актер, режиссер, профессор Бекболат Болатжанұлы Құрманғожаевтың шеберханасында білім алып, «Музыкалық драма театр әртісі» мамандығын тәмәмдады. Рахат, еңбек жолын 2017-2018 жж СҚО Петропавл қаласындағы С.Мұқанов атындағы сазды - драма театрынан бастап, ол театрда  бірнеше спектакльдерде рөлдерді сомдап, сонымен қатар, М.Әуезовтың «Қаракөз» спектаклі мен «86» спектакльдерінің саунд- дизайнері болды.  2018 жылы Ресей театр қайраткері Одағының ұйымдастыруымен өткен 12 жазғы театр мектебінде («12-летняя театральная школа СТД РФ») білімін жетілдіріп, оған халықаралық дәрежедегі тәжірбиден өткен дипломын  РФ театр қайраткерлері одағының төрағасы А.А.Калягин табыстады.

2018жылы жас маман Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрына әртіс болып қабылданды. Осы жылы РФ Мәскеу қаласында өткен "Артмиграция" жас режиссерлар мен актерлардың театр фестиваліне қатысып, фестиваль аясында өткен тренинг, шеберлік сағаты, лекцияларға қатысып, актерлық шеберлігін ұштап, тәжірибе жинақтап келді. Қазіргі таңда Рахат театр репетуарындағы спектакльдердің басым көпшілігінде рольдерді сомдап, көрермен көзайымына айналған, болашағынан зор үміт күттіретін актер.

 

Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрында

Ағымдағы репертуарда сомдайтын рөлдері:

 

1.С.Ахмад «Келіндер көтерілісі»                                                  Тоқтасын.

2.Ж.Ерғалиев «Есігімді қаққан кім?»                                           Нұрбек.

3.«Мұқағали» перфоманс                                                               Мұқағали.

4.С. Мұқановтың  «Мөлдір махаббат»                                          Бүркіт.

5.М.Әуезов «Ерназар Бекет»                                                         Шемен.

6.Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш-Баян сұлу»                                   Жантық.

7.«Ойыншықтар әлемі» ертегісі                                                    Генри.

8.М.Томанов «Күлдірген мен бүлдірген»                                    Бала.

 

АРХИВ: Ойнаған рөлдері: 

1.М.Әуезовтың «Қаракөз»                                                             Асан.

2.Т.Минуллиннің «Гәргәрбектің гөй-гөйі»                                  Жәбіш.

3.«StartDrama» жастар лабараториясы қойған «86»                    Қ.Рысқұлбеков бейнесінің  

                                                                                                           протатипі.

4.А.Зағыппар, Б.Шамбетов «Дауылпаз баба Қожаберген»        Ұлы жүздің жігіті, көпшілік сахна.

5. Б.Ұзақов«Шытырман шырша»                                                  Күшік.

6.Э.Стентон «Ойыншықтар оқиғасы»                                          бұзақы Сид.

7. «Арман әлемі» - Қозы

8.«Жеті лақ және қасқыр» - Лақ Ля