58-й театральный сезон русской труппы

32-й театральный сезон казахской труппы

Казахская труппа Әсет Оразалин

Оразалин Әсет Сақтапбергенұлы 1975 жылы 10 тамызда Байғанин ауданы, Оймауыт савхозында дүниеге келген. 1992 -1994 жж Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институт жанынан ашылған екі жылдық терме студиясын оқып, Термеші мамандығын алып  шықты. 2011-2017 жж Қырғызстан астанасында Б.Бейшиналиева атындағы өнер институтында «театр және кино» мамандығы бойынша білім алды. 

Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрында 1995 жылдың  сәуір айының 2-ші  жұлдызынан бастап әртіс болып істеген мерзім ішінде өзін  ұқыпты қызметкер ретінде көрсете білді. Аталған мерзім ішінде өз қызметін ұқыпты және  жауапкершілікпен атқарып, тапсырылған рөлінің концепциясына шығармашылық көзқараспен қарайды. Өзіне де және труппадағы әріптестеріне де талап қойғыш. Әсет еңбекқор, белсенді, ұжымда беделді және домбыраны жақсы меңгерген. Сонымен бірге, Ұлы Абай Құнанбайұлының рөлінде 45 қара сөзін жергілікті «РИКА ТВ» арқылы сомдап, жастарға тәлім-тәрбие беруде үлкен үлесін қосып, ең жоғарғы бағаға ие болды. «Ой-хой, 25», И.Сапарбайдың «Ауылдан келген Ару», А.Файзуллаұлының «Үй таңдаған лақ», Т.Ахтановтың «Ант» қойылымдарында өлеңдердің сөзін жазып, өз қолтаңбасын қалдырды.

 

Ойнаған рөлдері:

  • Т.Ахтанов «Күтпеген кездесу» Мырзахмет
  • Ж.Тілепбергенов «Рамазан - Перизат» Жарылғап, Молдахмет
  • М.Әуезов «Айман-Шолпан»     Балпық,  Арыстан батыр,  Көтібар батыр
  • С.Балғабаев «Ең әдемі келіншек» Абдолла
  • Ғ.Мүсірепов «Есеней-Ұлпан» Артықбай, Құнияз
  • О.Бодықов «Ит өлім»Джон
  • Т.Ахтанов «Ант»  Семеке хан, Қоңтәжі, Барақ сұлтан
  • Т.Ахтанов «Арыстанның сыбағасы» Момын
  • Е.Әлімжан «Долларгүл ән ұран» Қалбақай
  • Ғ.Мүсірепов «Аңыз ана» ақын
  • С.Ахмад  «Келіндер көтерілісі» Орынбай
  • Иран-Ғайыпт «Махамбет» Махамбет
  • М. Мағауин «Әйел махаббаты» Арыстан
  • Қ.Байсейітов «Беу, қыздар-ай!» Хасен
  • Х.Ерғалы, М.Ысқақ «Құрманғазы» Әубәкір Ақбаев   
  • Ж.Мольер «Скапеннің айласы» Сельвестер
  • С.Асылбеков «Желтоқсан түні ызғарлы»   Баймырза
  • Ғ.Мүсірепов. «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» Қодар
  • Р.Отарбаев «»Нашақор жайлы новелла» Көкнәрші, әкесі
  • И.Сапарбай «Ауылдан келген ару» ақын
  • Б.Тәжібаев «Ана жүрегі» Бәкір
  • А.Қырықбаев «Жындыханадан келген мейман» Темір
  • М.Әуезов «Қарақыпшақ Қобыланды» Көбікті хан, Қазан
  • Ә.Оразбеков «Бір түп алма ағашы» Зарқымбек
  • У.Шекспир «Король Лир» граф Глостер
  • В.Ежов «Бұлбұлдар түні» Профессор
  • Д.Исабеков «Ескерткіш операциясы» Жанайдаров
  • Ү.Байжомартов «Алтын түйменің азабы» Әшім
  • В.Вампилов «Метранпаж» Калошин
  • Т.Ахтанов «Махаббат мұңы» Нарқоспақ
  • С.Қасымбек «Әттең, қысқа өмір-ай!» жалшы 
  • Б.Васильев «Таң алдындағы тыныштық» офицер
  • А.В.Вампилов «Метранпаж» Колошин
  • Ж.Ерғалиев «Есігімді қаққан кім?!» Кәрім
  • М.Кенжебай «Тілеу батыр» Шыңғыс
  • Ж.Әлмашұлы «Нарқыз» Сейіт
  • Р.Отарбаев «Темір Нарком» Қара Жүргенұлы
  • Н.Гоголь «Ревизор» Артемий Филипович

 

Балалар ертегісінде:

  • С.Мақұлбеков «Қаңбақ шал» Дәу
  • М.Қабанбай «Жиһанкез Тити» директор
  • С.Балғабаев «Жымбала, Мико және қасқыр»    Бөрібасар
  • А.Толстой «Буратино» Артемон, Карабас-Барабас
  • О.Бәйсеңгір «Жақсылық пен жамандық» Желаяқ
  • А.Шамкенов «Қайырымды қаз» жын
  • М.Мырзағұл «Ақша қар» Пингвин
  • Қ.Жетпісбаев «Бала мерген» бас уәзір
  • С. Жүнісов «Үйшік» аю
  • В.Гауф «Кішкентай Мұқатай» Құсейн
  • Г.Андерсен «Қар ханым» аяз ата
  • Е.Төлеубай «Жыл он екі ай» барыс
  • А.Файзуллаұлы «Үй таңдаған лақ» аю
  • Б.Ұзақов «Шырша іздеген Аққозы» Алыпсоқ
  • О.Ахмет «Жылатпайық шыршаны» аю
  • И.Коляда «Қар ханым»    боран
  • М.Әлібек «Алдар көсенің сиқырлы дүрбісі»      бай

 

Марапаттары:

  • 1998 жылы театр маусымының қорытындысы бойынша «Ең үздік актер» номинациясымен;
  • 2003 жылы М.Өтемісұлының 200 жылдығына орай Орал қаласында өткізілген  Республикалық «Мен, мен едім, мен едім» атты «Жігіт сұлтаны» байқауында ІІ дәрежелі дипломмен;
  • 2002 жылы театр маусымына қосқан үлесі үшін «Абзал» грамотасымен;
  • 2005 жылы Астанада өткізілген ІІ Республикалық «Елім менің» патриоттық әндер конкурсында «Ұлы Жеңісті жырлайтын ән» номинациясы бойынша ІІІ дәрежелі дипломмен;
  • 2005 жылы «Жырлайық Ұлы Жеңісті» облыстық байқауында «Ұлы Жеңіске арналған ән» номинациясы бойынша І дәрежелі дипломмен;
  • 2006 жылы театрда өткізілген «Өнердің құдіретті күші» фестивалінде «Ең үздік эпизодтық рөл» жүлдесімен;
  • 2007 жылы облыс мәдениеті мен өнерінің дамуына қосқан үлесі үшін облыс әкімінің сыйлығымен;
  • 2007 жылы театрда өткізілген «Өнердің құдіретті күші» фестивалінде «Көрермендер көзайымы» жүлдесімен;
  • 2009 жылы «Тастүлек-Бақай» қоғамдық қоры ұйымдастыру комитеті төрағасының Алғыс хатымен;
  • 2012 жылы театр өнерін дамытуға қосқан үлесі үшін тееатр әкімшілігінің Алғыс хатымен;
  • 2014 жылы қазақ театр өнерінің дамуына қосқан үлесі үшін Театр қайраткерлері Одағының  Төрағасы Т.Қ.Жаманқұловтың Құрмет Грамотасымен;
  • 2015 жылы ҚР мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен;
  • 2016 жылы Мұғалжар ауданы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.