58-й театральный сезон русской труппы

32-й театральный сезон казахской труппы

Казахская труппа Құсайынова Дәметкен

Дәметкен Орынбасарқызы  Құсайынова 1963 жылы 28 қазанда Атырау облысы, Балықшы ауданында дүниеге келді. 1981-1983 жылдар аралығында Атырау қаласындағы мәдени-ағарту училищесінің «халық аспаптар оркестрінің жетекшісі» факультетінің «қобыз» мамандығын алып шықты. 1993 жылы Ақтөбе облыстық драма театрына әртіс болып қызметке орналасты. 2002-2005 жылдары  М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Режиссер мамандығы бойынша» жоғары оқу орнын тәмәмдады. Алматы қаласындағы Т.Жүргенов атындағы  өнер академиясында режиссер мамандығы бойынша білімін жетілдірді. Дәметкен Орынбасарқызы актриса және театрда бірнеше жаңа қойылымдар мен ертегілерді сахналаған режиссер, сонымен қатар облыс көлемінде  өтетін мәдени-шаралардың ұйымдастырушысы, әрі режиссері.

 

 Жетістіктері:

-          2001 жылы ҚР Тәуелсіздігіне арналған І облыстық театр фестивалінде  С.Балғабаевтың «Әйелдер әлемі» спектакліндегі Гүлмайдан ролі үшін  «Ең үздік әйел ролі» номинациясымен;

-          2009 жылы Мәдениет және ақпарат  министрінің «Құрмет грамотасымен»;

-          2011жылы «облыс мәдениеті мен өнерінің дамуына қосқан үлесі үшін»   Ақтөбе облысы әкімінің сыйлығының лауреаты;

-          2013 жылы ҚР Мәдениет және  ақпарат министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі;

-          2015; 2016; (2017жылы - 3 рет) жылы  облыс және республика көлемінде өткізілген мәдени-шараларды өтізуге ат салысқаны үшін облыс әкімінің  «Алғыс хатымен»;

-           2016 жылы ҚР «Шапағат» медалімен; 

-          2019 жылы ҚР Мәдениет және министрлігі мен «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Құрмет Грамотасымен марапатталды;

-          2021 жылы қала әкімінің «Алғыс хаты»

-          2022 жылы облыс әкімінің орынбасары атынан «Алғыс хаты»

-           

 

 Режиссер (қойған қойылымдары мен ертегілері):

-          2007 жылы Б.Тәжібаев «Ана жүрегі» драма;

-          1996 жылы қойылған реж.М.Бақытжановтың қойған М.Әуезовтің «Айман-Шолпан» комедиясын Д.Құсайынова қайта қалпына келтіріп, 2017 жылы Астана қаласында өткен ЭКСПО-да көрерменге көрсетілді.

-          2005 жылы С.Мақұлбеков «Қаңбақ шал» ертегі;

-          2006 жылы Н.Абрамцева «Шақырады Ақшақар» ертегі;

-          2007жылы Е.Төлеубай «Жыл он екі ай» ертегісі;

-          2007 жылы А.Файзуллаұлы «Үй таңдаған лақ» ертегі;

-          2008 жылы К.Оразбеков «Қара шыбын» ертегі;

-          2009жылы В.Орлов (ауд. Ө.Тастанбеков)  «Алтын шөжек» ертегі;

-          2010 жылы Қ.Сәттібайұлы «Күнге ғашық өлкеде» ертегі;

-          2010 жылы О.Ахмет «Жылатпайық шыршаны» ертегі;

-          2011 жылы А.Линдгрен «Карлсон мен балақай» ертегі;

-          2012 жылы О.Манджиев, Т.Теменов (ауд.А.Көлбаева) «Ырылдақ күшік» ертегі;

-          2013 жылы  орыс халық ертегісі  «Маша мен аю»  ертегі;  

-          2013 жылы А.Горбунов «Ертегілер орманы» (ауд.Ә.Сатыбалдиев) ертегі;

-          2014 жылы Н.Жұбатқан «Көжектің көжесі» хикаят;

-          2014 жылы Н.Коляда «Аязхан» (ауд.Ә.Сатыбалдин) ертегі;

-          2015 жылы В.Илюхов «Жаңа жылдық жалын құс» (ауд.Ә.Сатыбалдиев) ертегі;

-          2016 жылы А.Горбунов «Аяз атаның қателігі» ертегі;

-          2018 жылы М.Томанов «Күлдірген мен Бүлдірген» ертегі;

-          2018 жылы «Қаңбақ шал» ертегісін қайта қалпына келтірді.

-          2019 жылы Д.Құсайынова, Ж.Қалқабеков «Ойыншықтар әлемі» ертегі.

-          2022 жылы «Жеті лақ және қасқыр» орыс халық ертегісі