58-й театральный сезон русской труппы

32-й театральный сезон казахской труппы

Казахская труппа Нұрсұлтан Айтқалиев

Айтқалиев Нұрсұлтан Мұратұлы 1979 жылы 30 мамырда Ойыл ауданында дүниеге келген. 1986-1994 жж Н.К.Крупская атындағы қазақ орта мектебін аяқтап, 1994-1997 жж кәсіптік техникалық лицейінде «қолөнер шебері» мамандығын тәмамдады. 1998-2000 жж әскерде азаматтық борышын өтеп келді.

Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрында 2001 жылдың  қаңтар айының 14-ші  жұлдызынан бастап жұмыс жасайды.  Білімі жоғары. 2009-2013 жж Қырғызстан Республикасы Б.Бишеналиева атындағы Өнер университетінде «театр және кино» мамандығын бітірген. Өз қызметін ұқыптылықпен атқарып, тапсырылған рөлінің концепциясына шығармашылық көзқараспен қарайды. Әртіс қызметінде істегеннен бастап бір қатар бейнелерді сомдады.  

 

Ойнаған рольдері:

  • Е.Төлеубай «Ой, хой 25-інде» – Маймыл
  • Е.Әлімжан «Жан ұран» – көпшілік сахна
  • С.Ахмад  «Келіндер көтерілісі» – Асқар
  • Т.Ахтанов «Күтпеген кездесу» – Неміс
  • С.Шаймерденов «Дөкей келе жатыр» – Дыңқыш
  • И.Саввин, Ж.Тәшенов «Көшедегі пақырды, әкім бол деп шақырды» – Аспирант
  • Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» – Қозы Көрпеш
  • Р.Отарбаев «Нашақор жайлы новелла» – Жалқытай
  • М.Мағауин «Әйел махаббаты» – жынды
  • Х.Ерғали, М.Ысқақ «Құрманғазы» – Ерғали
  • М.Задорнов «Күйеуіңізді сатыңызшы» – эпизод
  • Т.Ахтанов «Арыстанның сыбағасы» – қызметші
  • Ж.Мольер «Скапеннің айласы» – Карл
  • С.Асылбеков «Желтоқсан түні ызғарлы» – Қайсар
  • М.Әуезов «Қарақыпшақ Қобыланды» – Қараман
  • Б.Тәжібаев «Ана жүрегі» – Бағлан, Бәкір, Арман
  • У.Шекспир «Король Лир» – сайқымазақ
  • Ә.Оразбеков «Бір түп алма ағашы» – Мақсат
  • В.Ежов «Бұлбұлдар түні» – Ақсақ
  • Д.Исабеков «Ескерткіш операциясы» – 1-нұсқаушы
  • Ү.Байжомартов «Алтын түйменің азабы» – Серікжан
  • Т.Ахтанов «Ант» – Жанарыс
  • С.Балғабаев «Махаббат соты» – Есімсейіт
  • Ғ.Мүсірепов «Аңыз ана» – Ауыл ақсақалы
  • О.Сүлейменов «Қызыл жусан» – Исатай батыр
  • М.Әуезов «Айман-Шолпан» – Балпық ақын
  • Т.Ахтанов «Күшік күйеу» – Тюральчик
  • И.Сапарбай «Ауылдан келген ару» – Жәнібек
  • И.Ғайып «Махамбет» – Елші
  • Т.Ахтанов «Махаббат мұңы» – Қуантай
  • М.Әуезов «Айман -Шолпан» – Балпық ақын
  • Б.Васильев «Таң алдындағы тыныштық» – офицер
  • Ж.Ерғалиев «Есігімді қаққан кім?!» – Аян
  • Н.В.Гоголь «Үйлену» – Подколесин
  • Ш.Айтматов, Ә.Кекілбаев «Ханша-дария хикаясы» – Таңғұт
  • М.Кенжебай «Тілеу батыр» – Қалдыбай батыр
  • Ж.Әлмашұлы «Нарқыз» – көпшілік сахна
  • Р.Отарбаев «Темір Нарком» – Ғ.Мүсірепов
  • Н.Гоголь «Ревизор» – Тышқан, қызметші
  • «Жеті лақ және қасқыр» - 2-жүргізуші

 

Балалар ертегісінде:

  • А.Атымтаева «Кім патша» – Арыстан
  • А.Толлстой «Буратино» – Арлекино
  • Қ.Жетпісбаев «Бала мерген» – кеңесші
  • Ж.Перро «Күлбикеш» ертегі – қақпашы
  • С. Жүнісов «Үйшік» – қораз
  • Л.Шәріпова «Шығыс ертегісі» – найзагер
  • В.Гауф «Кішкентай Мұқатай» – тарғыл мысық
  • Ш.Хұсайынов «Алдар Көсе» – шайтан
  • Г.Андерсен «Қар ханым» – жылқы
  • Е.Төлеубай «Жыл он екі ай» – қой
  • К.Оразбеков «Қара шыбын» – Қария Асқар
  • Р.Ыбраева «Сиқырлы кітап» – қарақшы
  • Б.Ұзақов «Шырша іздеген Аққозы» – эпизод
  • В.Орлов «Алтын шөжек» – шал
  • А.Линдгрен «Карлсон мен балақай» – Сандро
  • О.Манджиев, Т.Теменов «Ырылдақ күшік» – ұры
  • Орыс халық ертегісі «Маша мен аю» – аю
  • А.Горбунов «Ертегілер орманы» – балташы
  • С.Балғабаев «Жымбала ,Мико және қасқыр» – Тусик
  • Ә.Файзуллаұлы«Үй таңдаған лақ» – қозы
  • Т.Жандыбаева «Наурыз –Думан» – Шаман
  • А.Горбунов «Аяз атаның қателігі» – аяз ата

 

Аталған мерзім ішінде:

  • 2006 жылы Р.Отарбаевтың «Нашақор жайлы новелла» драмасындағы Жалқытай рөлі үшін «Дебюттік рөл» номинациясымен;
  • 2007 жылы «Өнердің құдіретті күші» фестивалінде Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» спектакліндегі Қозы Көрпеш рөлі үшін  «Ең үздік ер рөлі» номинациясымен;
  • 2009 жылы облыс мәдениеті мен өнерін дамытуға қосқан елеулі еңбегі үшін облыстық мәдениет басқармасы басшысының Алғыс хатымен;
  • 2012 жылы театр өнерін дамытуға қосқан үлесі үшін тееатр әкімшілігінің Алғыс хатымен;
  • 2015 жылы қазақ театр өнерінің дамуына қосқан үлесі үшін Театр қайраткерлері Одағының  Төрағасы Т.Қ.Жаманқұловтың Құрмет Грамотасымен марапатталды.