Орыс труппасының 58-ші театр маусымы

Қазақ труппасының 32-ші театр маусымы

Шығармашылық құрам Елтай Кемал

 

Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрының режиссері

Елтай Кемал

 

Елтай Тамабайұлы Кемал Шалқар ауданы, Мөңке би ауылында дүниеге келді.    Орта мектепті бітірген соң, 1992-1996 жж. Т.Жүргенов атындағы өнер Академиясынан «Драма театры және кино артисі» мамандығы бойынша білім алды. Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрында 1996 жылдан қызмет жасап келеді. Осы жыл ішінде қойылған қойылымдарда басты рөлдерді сомдап, бірнеше қойылымдарды сахналаған режиссер.   2009-2011 жж. Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясында драмалық театры, режиссура мамандығы бойынша магистр академиялық дәрежесіне ие болды.

2014 жылы Ресей Федерациясының мемлекеттік Мәдениет және өнер Мәскеу университетінде біліктілігін арттыру курсын бітіріп, драма театрының режиссура куәлігін алды. Сонымен қатар Қ.Жұбанов атындағы өңірлік мемлекеттік университеті студенттерінің құрамынан "Кемал" жастар театрының негізін қалады. Жастар театры бірнеше театр фестивальдеріне қатысып, жүлделі орындарды иеленді.

Архив сомдаған рөлдері:

Иран-Ғайып «Махамбет»                                          -Исатай

О.Бодықов «Ит өлім»                                                -Марат

Т.Ахтанов «Күтпеген кездесу»                                -Маңғас

Т.Ахтановтың «Ант»                                                 -Әбілқайыр хан, Сауран батыр

М.Әуезов «Айман-Шолпан»                                    -Әлібек

Б.Тәжібаев «Ана жүрегі»                                          -Арман  

Т.Ахтанов «Арыстанның сыбағасы»                       - Білеубай

Ғ.Мүсірепов «Есеней- Ұлпан»                                 - Торсан

Е.Әлімжан «Долларгүл ән ұран»                             - президент

Ғ.Мүсірепов «Аңыз ана»  драма                               -бала

Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш-Баян сұлу»                 -Жантық

Р.Отарбаев «Нашақор жайлы новелла» драма        -әкесі

Б.Тәжібаев «Ана жүрегі» драма                               -Арман

 

-2005 жылы М.Мақатаевтың поэзиясы бойынша «Арпалыс» моноспектаклін қойып, өзі Мұқағали ролін және де бірнеше қойымдардағы кейіпкерлерді жоғарғы дәрежеде сомдады.

-2016 жылы режиссер М.Телеуовтың «Вольшебник» қысқа метражды фильмінде дәрігер ролі;

-2017 жылы И.Ә.Әміровтың өміржолы туралы деректі фильмінде режиссердің ассистенті

 

Қойған қойылымдары:

 -2004 жылы М.Мақатаев «Арпалыс» моноспектакль;

 -2008 жылы Б.Ұзақов «Шырша іздеген Аққозы» ертегі;

 -2011жылы М.Бэцуяку (аударған А.Маемиров) «Дерт» нанымсыз шындықтар;

 -2012 жылы Қ.Жүнісов «Махаббат мелодрамасы»;

 -2013жылы Т.Ахтанов «Күтпеген кездесу» драма;

 -2013 жылы А.Вампилев (ауд.Т.Жаманқұлов) «Метронпаж» трагикомедия;

 -2014 жылы Қ.Жүнісов «Ғашықтар хикаясы» комедия, (көп салалалы колледж 

                                                                    студенттерінің дипломдық жұмысы);

 -2015 жылы Ғ.мүсірепов «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» трагедия (БҚО драма театры);

 -2016 жылы Қ.Жүнісов «Алғашқы махаббат» комедия;

 -2017 жылы Т.Мәндібай «Құрдастар» комедия;

 -2017 жылы Ж.Әлмашұлы «Нарқыз» тарихи драмасы;  

 -2017 жылы М.Байджиевтің "Маxаббат жағалауы" драмасы негізде "Өмір-өзен"

                                                                                                                  қойылы;

 -2021 Қ.Мұрат «Болашаққа хат» детектив;

 -2021 жылы Д.Исабеков «Транзитный пассажир» драма;

 -2021 жылы С.Цвейг «Бейтаныс әйелдің хаты» моноспектакль;

          -2021 жылы Қ.Мұрат  «Болашаққа хат» детектив

          - 2021 жылы Д.Исабеков «Транзиттік жолаушы» драма

 

 

 

Алған марапаттары:

-2003ж Орал қаласында өткен М.Өтемісұлының 200 жылдығына арналған  

Республикалық  театр фестивалінде лауреат;

-2004 ж Астанада өткен «Шабыт»  халықаралық жастар фестивалінде  «Ең үздік  

классикалық роль» жүлделі орынды еншіледі;

-2005 ж қала әкімі орынбасарының «Алғыс хаты»;

-2011 ж облыс әкімі сыйлығының лауреаты;

 2012 ж облыс әкімдігінің Алғыс хаты;

-2012 ж Шалқар ауданы «Жыл адамы-2012» атағы берілді;

-2012 ж облыс әкімі орынбасарының «Алғыс хаты»;

- 2017 ж облыс әкімінің орынбасарының «ЭКСПО – 2017» үздік режиссерлық  жұмысы үшін «Алғыс хаты»;

-2022 жылы «Еңбек даңқы» төс белгісінің иегері

 

  

 

«Кемал» жастар театрының марапаттары:

- 2016 жылы Ақтөбе қаласында өткен жастар мен студент театрлары арасындағы «Балауса» Республикалық фестивалінде Қ.Жүнісовтың  «Алғашқы  махаббат»  комедиясымен   "Ең үздік режиссер" номинациясын иеленді;

- 2014 жылы «Мы+Біз» қазақ-орыс жастар форумының аясында өткен Еуразиялық «На Николаевской 2014» шығармашылық фестивалінде «Үздік театр жанры» және «Үздік сахналық композиция» номинациясымен  марапатталды;  

- 2018 жылы Жастар театры Ақтөбе облысының әкімі Б.Сапарбаевтың  «Ең үздік шығармашылық ұжым» атты номинациясына ие болды;

- 2022 жылы «Еңбек даңқы» төс белгісінің иегері.